Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу
Сабақтың тақырыбы: Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды құрақ түрлерімен, олардың шығу тарихымен таныстыру және құрақ құрау элементінің үлгісін дайындау, жасалу технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Құрақ құрауда геометриялық фигураларды пайдалана білуге, оларды түрлендіруге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт - дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, шыдамдылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сарамандық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дайын бұйымдар,
технологиялық карта.
Қажетті құрал - жабдықтар: мата, үлгі, ине, жіп, қайшы, сызғыш, бор,
тігін машинасы, үтік, үтік столы.
Пән аралық байланыс: Тарих, математика, сызу, сурет.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеп, белгілеу.
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында мақал - мәтел - дердің жасырын сөздерін тауып толықтыруға тапсырма беру. Интерактивті тақтада тірек сызбасы арқылы мақал - мәтелдерді толықтыру.
1. Шебердің.......... алтын (батыр)
2. Жеті рет өлшеп, бір рет........... (сызу)
3. Көз қорқақ, қол........................ (түбі)
4. Ою ойған,............ да сызады (оясыз)
5. Өнерсізден.............. қашады (еңбек)
6. Оюды оя алмаған.................. (құт)
7. Ердің атын............ шығарады (кес)
8. Еңбек.............. береке (қолы)
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақтадағы сөзжұмбақты шешу арқылы ерекшеленген торда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Сөзжұмбақ
1. Жұмыста оны көремін,
Қиып, қырып жүреді.
Тек өзіне керегін
Ойып алып жүреді. /қайшы/
2. Тал басында, түндіксіз отау./ұя/
3. Гүлге қонады, шырынын сорады./ара/
4. Өңсіз дәмді,
Барша адам сіміреді.
Жиып әлді,
Бойға қуат сіңіреді./ауа/
5. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады./қоян/
Халқымыздың қолөнері құрақ құрау өнері 15 - 16 ғ. дамыған. Екі түрлі матаны бір - бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады.
Қ Ұ Р А Қ
Көл жағасында өсетін өсімдік.
Мата қиындысынан жасалатын бұйым
Яғни құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.
Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1. Матаның қиындыларын іске ұқсату.
2. Үлкен сәнділікке баулу, матадан әртүрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару
Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден - ақ қазақтар тілім - тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл - көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ - құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған. Құрақ құрау халқымыздың үй тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері. Құрақ құрау үшін қалған қиынды маталар қолданылған. Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде әжелеріміз құрақ құрай отырып, қызына, немересіне арналған құрақты: Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін» деген тілекпен жасаған. Қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алты бұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тікбұрыш, параллелограм. Осы тұста біз математикамен тығыз байланыстылықты байқаймыз.
Геометриялықфигуралар
Құрақ түрлері
↓
Геометриялық ------- Зооморфты ----- Өсімдік тектес ----- Тұрмыстық ---- Ғарыштық
Үшбұрыш -------------- Мүйіз ------------- Гүл -------------------- Балта ------------ Жұлдызша
Төртбұрыш ------------ Аққу -------------- Жауқазын ----------- Ши --------------- Айшық
Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симмитриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Түс шеңберінде түстер 2 топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір – біріне қарсы тұрған түстерді қарама қарсы түстер дейді. Олар қызыл – жасыл, сары – күлгін, көк - қоңыр т. б.
Құрақ құрау Еуропада « Пэчверк техникасы» деп аталады.
Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Липочиха». Жапон халқында «Сашико» дейді.
Пэчворк ( patchwork) ағылшын тілінен аударғанда «құрақ құрау, құрастыру» қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Отаны Индия елінен табылған. Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі. Алматыда Ә. Қастеев мұражайында құрақпен жасалған бұйымдар бар.
Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді.
1. Құрақ құрау /құрақ мозайкасы/.
2. Жапсырмалау/аппликация/
Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?
Дастархан, сөмке, әмиән, қолғап, көрпе, жастық тыс т. б.
Слайдтар арқылы құрақ әдісімен жасалған бұйымдарды көрсету. Жасалған дайын бұйымдарды көрсету.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
Екі топ бір - біріне жұмбақ жасырады, жауабындағы затқа байланысты қауіпсіздік ережесін айту керек.
І топ. Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш./қайшы/
ІІ топ жауабын тауып қайшыға байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.
ІІ топ. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты./үтік/
І топ жауабын тауып үтікке байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.
І топ. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе./ине/
ІІ топ жауабын тауып инеге байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.
ІІ топ. Басқаға киін дейді, ал өзі киінбейді./тігін машинасы/
І топ жауабын тауып тігін машинасының қауіпсіздік ережесін айтады.
Әр топқа технологиялық карта беріледі.
І топқа Аққу құрағын дайындау.
ІІ топқа Шахмат құрағын дайындау
Домбыра екі шекті, бір тиекті.
Үніңнен айналайын қасиетті, - деп күй жібереміз.
Оқушылар жұмыстарын жасайды.
V. Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым өнерлі,
Құрақ құрап үйренді.
VІ. Қорытынды кезең.
Құрақ
Оқушылар құрақ сөзіне қатысты өз ойларын жазады.
Сабақты бекіту.
Құрақтан қандай бұйымдар жасалады.
Құрақ дегеніміз не.
Құрақ құрауда ең бастысы нені ескеруіміз керек.
Оқушы жұмыстарын тексеру, бағалау.
Үйге тапсырма: Құрақ тігуді жалғастыру.
БҚО, Жаңақала ауданы,
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі
І санатты технология пәнінің мұғалімі
Иманбаева Әдемі Мұратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Оқи отырыңыз
22 наурыз мерекесіне арналған. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған.
Киелі төр
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы ҚМҚК «Айгерім» ясли бақшасының тәрбиешісі Құбышева Светлана Қайнеденовна
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Технология пәнін бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланысты екенін іс жүзінде көрсету. Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйрету
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.