Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан құрамы

15 ақпан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:Математика
Тақырыбы:Сан құрамы.
Мақсаты:
Білімділік: 1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 10-ға дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кеспе сандар, үйлер, қоян, аю, балықтар, сиқырлы қарындаш, перфокарточкалар, фигуралар.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап
Іс-әрекет кезеңі
Мотивациялы ынталандыру кезеңі
Ұйымдастырушылық ізденуші
Рефлекциялы түзету кезеңі
1.Тәрбиешінің іс-әрекеті
Амандасу.Көңіл-күйіміз жақсы болу үшін айналамызбен амандасып алайық.
- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!
- Армысыз, мейірімді Жер-ана!
- Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!
- Қуан, шаттан, алақай!
- Қайырлы таң,қайырлы күн!
- Бәріміз күндей жарқырайық!
- Бәріміз тату болайық!
- Бәріміз дос болайық!
2.Балалар, қазір біз сендермен

«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз.Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек. Әр санның артында әріптер жазылған, қалған балалар қандай сөз жазылғанын оқиды.
- Дұрыс, математика сөзі жазылған екен. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.
Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше қайырымды бір қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.Сұрақтар:
1.Жол ұзын ба, қысқа ма?
Қол ұзын ба, қысқы ма?
2. Қасық ұзын ба, қысқа ма?
Асық ұзын ба, қысқа ма?
3. Алма үлкен бе, түйме үлкен бе?
4. Аю үлкен бе, қоян үлкен бе?
5. Шаш ұзын ба, қас ұзын ба?

3.- Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, сиқырлы қарындаш. Қане барлығымыз енді саяхатқа шығайық. Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар. Балалар міне қоянның үйіне келдік.
Қоян:Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші?
- Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі.
«Көрші сандарды» жазып, толтыру.
Қоян:Рақмет, балалар!
- Қоян, біздің балалар енді саған тақпақ айтып берсін.
Қоян: Көмектескендеріңе көп-көп рақмет.Сау болыңдар, балалар!

4.- Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар.
Балалар, міне аюдың үйіне келдік.
Аю сәлеметсің бе!
Аю:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қандай жақсы болды сендердің келгендерің.Сендер сандарды білесіңдер ме, есеп шығара аласыңдар ма?Міне мен де санның құрамдары берілген, бірақ мен оларды білмеймін.Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?
- Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады.Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?
Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін.
Сау болыңдар!

5.Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршы. Балалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды.
(+, -) таңбасын қояды.
- Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.
6.Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигураларға» апар.Міне «Жеңімпаз фигураларға» келдік.Балалар мұнда ешкім жоқ.Жеңімпаз фигуралар шашылып қалыпты,қане бөліктерін тауып құрастырайық.
- Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар.

7.- Енді мен бір зат атаймын, сендер сол заттың қандай фигураға ұқсайтынын айтыңдар.
- Күн, кітап, жұмыртқа, шатыр?
- Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар.Міне, балалар топқа келдік
Біз саяхатқа қайда бардық?
Кімдер бізді қарсы алды?

8.- Орындарыңдағы тапсырмаларды орындаңдар.
Перфокарточкамен жұмыс.
9.- Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.
Ал санайық санамақ
Саусақтарға қарап ап,
Қане - қане санайық
1,2,3,4,5 1,2,3,4,5
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске - бесті қосқанда
Болады екен он саусақ.

10.- Қорытындылау.
- Жақсы, балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жақсы меңгеріпсіңдер. Өте тамаша оқу іс-әрекетіне қатыстыңдар
- Саяхатқа қайда бардық?
- Кімге көмектестік?
Кімге көмек қажет болса, біз әрдайым көмектесуге тырысамыз ғой. Біздің сиқырлы қарындашымыздың сиқырлығы соншалық, басы ашылады екен, ішінде сендерге бүгін жақсы, тәртіпті, білімді екендеріңді көрсеткендерің үшін жұлдызшалар бар екен.
Соны сендерге таратып берейін.

Баланың іс-әрекеті
Балалар қимыл көрсетіп, қайталайды.
Тақтаға 10 бала шығады.Мен бірмін деп,бірінші боп тұрады.т.с.с.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
М а т е м а т и к а
Сұрақтарға жауап береді.
- Жол ұзын.
Қасық ұзын
- Алма үлкен.
- Аю үлкен.
- Шаш ұзын.
Тапсырманы орындайды.
2 3 4 5
5 7
4 6
7 9
6 8
1 3
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
- Сау болыңыз, қоян!
Балалар тапсырманы орындайды.
7
8
9
сандарының құрамын жазады.
7=O+6
7=5+O
7=O+4
8=7+O
8=O+6
8=5+O
9=8+O
9=O+6
9=7+O
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.
- Сау болыңыз,аю!
1* 1=2
5 * 3=2
4 *4=8
3*3=6
1*5=6
9*8=1
Балалар қимылмен көрсетіп, қайталайды.
Тұп-тұнық жылы суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.
Дид-қ ойын. Фигуралардың жартысын табады.
Сұрақтарға жауап береді. «Ұқсасын тап»
ойыны.
- Күн дөңгелек.
- Кітап төртбұрыш.
- Жұмыртқа сопақша.
- Шатыр үшбұрыш.
- Жауап береді.
«Тиісті санды қой»
- Балалар білген санамақтарын айтады.
- Жауап береді.
Бағалау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық
23 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.
Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру. Кіші екі санға жіктеумен ғана емес, санды кіші екі саннан алумен де таныстыру.
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
8-ге дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8-ге дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту. «8»санын ажырату, сандар ішінен таба алу
Сандар құрамы
Сандар құрамы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Идрисова Несіп Мейрамовна
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Күн, су, ауа, жер – біздің достарымыз
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 ора мектеп шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Біз бесеуміз, бесеуміз
Біз бесеуміз, бесеуміз
Математиканың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленіп берілген бес тармағын негізге ала отырып, пәндердің байланысқан көмегі арқылы (құрастыру, тіл дамыту, дидактикалық ойындар) логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×