Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділік әлемді құтқарады!

18 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мейірімділік әлемді құтқарады!
Мен есейген сайын мына әлемнің кереғарлықтарын жиі байқайтын болдым. Бір жағынан жер жүзі жақсылыққа толы көрінеді. Себебі мені жақсы көретін әкем мен анам бар, өз үйім – баспанам бар, менің қуанышыма ортақтасып, сырымды айтатын достарым бар. Мұнымен қоса тамаша табиғат пен бейбіт мекенде тұрып жатырмыз. Бұл өмірді қызықты да жарқын ететін дүниелер жетерлік. Ал екінші жағынан жер бетінде емі табылмаған аурулар, қайғылы оқиғалар, нашарлап бара жатқан экология, қылмысты істер мен мемлекеттер арасында қырғын, жанжал, адамдар арасында өшпенділік, кекшілдік, жауыздық орын алуда. Қазір бұл жағдаяттар біздің басымызда болмаса да, біз олар жайлы түрлі ақпарат құралдарынан, ғаламтор беттерінен оқып жатамыз. Бұл мені қатты ойландырады әрі қорқытады. Мен қоғамдағы, жер бетіндегі мұндай жағдайларға бейжай қарай алмаймын. Себебі жер бетіндегі жамандық жердегі барлық жанға ортақ. Өкінішке қарай адамдар бүгінгі таңда өзгенің қайғысына «бас ауыртпайтын» салғырт, өзгеге жаны ашымайтын қатыгез болып кеткен. Бірақ ортада ешкімге жамандығы жоқ, өзгеге жанашырлықпен қарайтын мейірімді жандар да жетерлік. Адамзаттың өмірінде мейірімді жандар болмаса, бүгінгі жер беті мүлдем басқаша болар еді.

Біз қазір мектеп жасындамыз. Дегенмен біз де айналамызға мейірімділік көрсетіп, жақсылық жасай аламыз. Мәселен, ата - анамызға жәрдемдесу, достарымызға көмектесу, ауыр жүк көтерген кісілердің жүгін көтерісіп жіберу, жол бойынан өте алмай тұрған балаларды немесе қарияларды өткізіп жіберу, құстарға ұя жасау секілді. Бұл тым қарапайым ғана әрекеттер, алайда мен үшін үлкен ерлік. Біз жыл сайын қарттар күнінде, басқа да айтулы күндері сыныбымызбен ауылдағы қарттардың ауласын тазартып, шаруашылықтарына көмектесеміз. Қариялар біздерге алғыстарын білдіріп, баталарын береді. Біз олардың алғыстарын арқалап, жанымыз жадырап қайтамыз. Тағы да сондай жақсылық жасауға асығамыз, өйткені жақсылық жасаған сайын адамның жаны да жақсылыққа үйір, жақсылыққа құмар бола түседі. Максим Горький айтпақшы «Жақсылық жасаған адам, өзін бақытты сезінеді».

Мейірімділік әрбір жанның бойында бар қасиет. Тек сол мейірімділікті көп адамдар «ұйықтатып» тастаған. Оны оята білу керек. Адамның өмірінде түрлі жол айырығы кездеседі, оны жолдан тайдыратын кедергілер жолығады. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге тырыспау керек. Жүрегімізді тыңдап, ақылға еріп, тура жолды тауып, сол жолдан айнымау қажет. Өзімізге күнде бір жақсылық жасауға шарт қойып, соны орындауға ұмтылуымыз керек. Мейлі ол болмашы ғана дүние болсын, сонда да ол сіздің жүрегіңізге үлкен қуаныш ұялатады. Сіздің жақсылықтарыңыз жиналып, жан рақатыңызға айналады. Әркім жақсылық жасауды өзінен бастап, оны өзгелерге насихаттауға тиіс. Сонда жақсылықтың жібі ешқашан үзілмей, жалғаса бермек.
Жақсылық жасауға асығыңыз! Мейірімді болыңыз! Мейірімділік әлемді құтқарады!
42 382
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мен өмірді қалаймын!
Мен өмірді қалаймын!
Нашақорлық, есірткі және де осы істерге байланысты бизнестер тек біздің қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің ең өзекті проблемасы. Есірткі тұтынушы бар жерде қылмыстық істер де белең алады.
Мейірімділік сенен басталады
Мейірімділік сенен басталады
Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.
Зорлықсыз әлемді қалай құрамыз
Зорлықсыз әлемді қалай құрамыз
Зорлықсыз әлемді қалай құрамыз. «Әлем»дегенде менің көз алдыма ең алдымен Жер шары, бүкіл Жер ғаламшары елестейді. Бізді қоршаған әлем тамаша. Ол белгілі бір заңмен бағынады, белгілі бір ережелермен қозғалады, бірақ сол заңға барлық адамдар бағына
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік адам бойындағы ең маңызды, әрі керемет құндылық. Себебі бұл ой тазалығымен қатар, жүректің адал болуымен егіз келетін қасиет. \Бұл жалпы адамзаттың жан дүниесінің пердесі, жүрегінің айнасы. Адамгершілік – бұл рухани тәрбие.
"Флора" кафесіндегі кеш
"Флора" кафесіндегі кеш
Шалқар қаласы, №1 мектеп - гимназиясы. Жоламанова Райса
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Раушан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×