ойын сауық отауы
Б. Қыдырбекұлы / Алатау
11.12.2022 480 0 Admin

Б. Қыдырбекұлы / Алатау

Әдебиет
Ұлы Даланың рухани жауһары
Б. Қыдырбекұлы / Алатау
Жас Талғар үшін ағалар айтқан сөзден артық ештеңе жоқ. Аға көрсеткен жол – ол оңды жол ғана болады деп санайды бұл кейіпкер. Сондықтан да екі ой болмай, ол Жандосов айтқаннан кейін «доброволец» ретінде Ферғана даласына басмашылармен соғыссуға аттанып кетеді. Үлкендерге деген сый - құрмет – бұл да гуманизмді қазақша түсінудің бір жағы. Алдындағы ағаның адалдығына шын мәнінде сену белгісі.
Ұлтарақ көзқарасы кеңірек. Ол шығарманың ер тұлғалы, ұмытылмайтындай алып кейіпкерінің бірі. Ұлтарақ революциялық оқиғаларға қатысқанымен оның маңызын терең түсіне білмеген. ұлтарақ жалпы қазақ ұғымымен жүрген адам. Ол үшін жақсылық, шындық, ақиқат қазақ деген сөздің синонимі. Қозғалыстың алғы шебінде жүргенде ол қазақ қоғамы үшін шайқасып жүр, тек қазаққа игілік іздеп жүр.
Ботбай көтерілісі кезінде Ұлтарақ үлкен ерліктің иесі болды. Ол жау арасынан Жарылғап батырдың өлген денесін алып шықты. Дулат тайпасының түлегі Ұлтарақ шапыраштылар ұраны «Қарасайлап» шапқан. «Өлімнің бетіне тура шапқан Ұлтарақты жамандаушылар да табылады. Өз атасы тұрып Шапыраштының ұранын шақырғаны несі, әлде мұның туысының бір шикілігі бар ма екен десіп гуілдесті. Әрине ондай әңгіме кейін күбіді. Дегенмен Ұлтарақтың ерлігіндей іс екінің бірінің қолынан келмес еді. Кейін қалжыңдап Ұлтарақтан «Жаубайлап» шаппай «Қарасайлағаның» не дегенімізде «Үйсінде Қарасайдан басқа атаны ұрандап жау түсірген кісіні естіген емеспін», - деп қысқа қайырды.
Өз ұранын айтпай, ең қаһарман қазақтың атын ұран тастағаны да Ұлтарақтың қазақ деп еңіреген ер екенінің куәсі. Адамгершілік идеясын автор бұл кейіпкер бейнесі арқылы қазақ идеясы етіп береді.
Абай Үйсінбаев бейнесін автордың шығармашылық - көркемдік қиялының нәтижесі ғана деуге болмайды. Абақ бейнесі шындыққа, тірі адам бейнесіне сәйкес. Бейненің реалистік қасиеттері күмән туғызбайды. Оған себеп болар жағдай: ол бір - біріне қайшы келер ой иесі. Мысалы, интернационализмді бағыт қылып ұстаған Абақ, талай - талай ұлтшылдық пікір білдіреді, қазақ ұлтының ерекшелігін мадақтайды. Көше сыпырып жүрген «жаман татар шалына» деген наразылықты бүкіл татар халқының бетіне басады. Бір ішкіш орыстың қателерін бүкіл орыс әлеміне тән етіп санайды.
Абақ бір үлкен қиын да, қатал да заманның өкілі. Оқырман танысқан кезде (1953 жыл) заман талқысы оны қоғамдық өмірдің ең төменгі сатысына түсіріп жіберген. Бірақ соған қарамастан ол мықты адам. Өзінің жарқын болашаққа деген сенімімен, оптимизмге толы ойларымен, талай қиын кезеңдерден сынбай өткен төзімділігімен мықты адам. Бүгінгі күнгі оқырман оның коммунизмге, өзін мыжып жіберген партия мен кеңес өкіметіне деген сенімін түсіне алмас. Түсінуі де қиын. Бірақ Абақ – сол қатерлі заман адамдарының жинақы бейнесі. Ал ол адамдардың мызғымас сенімі олардың бір жағынан шыныққан күш - жігерінің белгісі болса, екінші жағынан олардың соры болып келеді.
«Мен болашаққа сенемін. Өйткені бүгін болмаса шындық ертең қап түбінде жатпайтын асыл кездіктей тесіп шығар деймін. Коммунистік идея бәрін жеңер деймін, шындықтың жеңгенін көргім келеді, бірақ мен күткен күн ұзап бара жатқаны есіме түскенде құйқам құрысып, кейде ұрысып, тарынып кетемін». Абақтың бұл айтуынан ол үшін коммунизм, жарқын болашақ ақиқат деген сөздер синоним екені айқын - ды. Тіпті коммунизм сөзіне шаң жуытқысы келмейді.
Бірақ көрген зорлық - зомбылық, бастан өткен қиыншылық өз мөрін баысп та қойған. Ашаршылық туралы әңгімелеп отырған Абақ «көзінен жасы ағып, екі қолының сыртымен көзінің жасын ықтырды.
Іштей солықтап қалды, сыртына шығара алмайды. Булығып отыр, шамасы. Адамзат баласы қашанда өмірінің қапылатты шағын осылай қамыға еске алады».
Осы тұрғыда айтатын жай: Б. Қыдырбекұлы «Алатау» романында бірінші болып бұрын жабық - жасырынды ашаршылық тақырыбының бетін ашты. 150 бетке жуық кітап тарауын қан жұтып отырып оқисың. Жеке оқиғалардан осы ашаршылық туралы жазылған тараудың тұжырымдамасына жеткенше төбе шашың тік тұрады: «Әуелі біз ашаршылық осы Жетісуда ғана болып жатқандай сезіндік. Сөйтсек, Голощекиннің құрты бүкіл қазақ елін жайлап алған екен».
Ашаршылық зардабынан қажыған Абай 1937 - 1938 жылғы зобалаң күндері де белден кешеді. НКВД түрмесінде, оның сыртында кейіпкер көрген адамгершілікке қарама - қарсы әрекеттерді тізіп жату бір мақаланың ішінде мүмкін емес. Керегі де жоқ. Бірақ Абақ Үйсінбаев өмірінің қиын - қисықтығына қарамастан адамдық келбетін жоғалтпаған, жақсылықтан үміт үзбеген. Істеген ісінің адалдығына сеніп, жалпы адам атауына деген сүйіспеншіліктен айрылмаған бұл кісі, әлі де дәулет - баққа ие болып, бойындағы, ойындағы гуманистік идеяларын іске асыра алатын кезге жетсін деп шын жүректен тілейді оқырман.
Романның шағын, жарты бет эпилогында елде әділеттік орнығып, Абақ Үйсінбаев сол оқырман тілегіне жеткені қатты қуантады. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Б. Қыдырбекұлы / Алатау Б. Қыдырбекұлы / Алатау
Б. Қыдырбекұлының «Алатау» романының негізінде жатқан идеяны – гуманизм идеясы деп белгілеуге болады. Романның бірінші бетінен ең соңына дейін
Ә. Нұршайықов / Ақиқат пен аңыз Ә. Нұршайықов / Ақиқат пен аңыз
«Ақиқат пен аңызда» Бауыржан әр қырынан көрінген. Бүкіл дивизияны басқарып, жауға аттанған командирдің тапқырлығы мен алғырлығы үлкен шайқас,
Күй аңызы: Салық өлген Күй аңызы: Салық өлген
Оны Дәулеткерей мезгілсіз қайтыс болған жиені Салық Бабаджановтың рухына арнаған. Мұрағат деректеріне сүйенсек, Салық өз заманындағы аса білімді,
Көркем сөздің құдіреті: Сахар Көркем сөздің құдіреті: Сахар
1. Таң алды мезгіл, таңсәрі, алагеуім; 2. Сәресі (ораза кезіндегі таң атпай тұрып ішетін ас).
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×