ойын сауық отауы
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн
23.01.2023 708 0 Admin

Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн

Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн (шамамен 1017/1021 - 1075 ж. ж.)
Толық аты Жүсіп Хас - Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. ХІ ғ. 70 - ж. дейін өмір сүріп, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған дарынды ақын, данышпан - ойшыл ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» («Құтадғу білік») дастаны әлемдік әдебиет тарихындағы мәңгілік өшпес бірден - бір әдеби мұра болып табылады. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи және қоңғамдық - саяси өмірі мен тұрмыс - тіршілігінен, ғылымы мен әдебиетінен, мәдени деңгейінен, әдет - ғұрпы мен наным - сенімінен мағлұмат беретін бірегей туынды. «Құтты білік» дастанының біздің заманымызға дейін үш көшірме нұсқасы жеткен. Ақынның, сондай - ақ толғамы терең өзге де рубаилары белгілі.
Халық бүлінсе – саясат түзейді,
Халық тарықса – үкімет жұтайды.
* * *
Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
* * *
Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе – жайлап сөйлес, жөнсіз билеп - төстеме.
* * *
Қылыш қан төксе – иесі ел билейді.
* * *
Бек қызыққа құмар болса – қалған елдің күні қараң.
* * *
Сараң бек ел билей алмайды.
* * *
Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.
* * *
Тіл – елшінің қылышы.
* * *
Ақылсыз адам – мәуесіз ағаш секілді.
* * *
Көңіліне қарай – дос таңда, күшіне қарай – жүк таңда.
* * *
Бала нені білсе жастан, ұядан,
Өле - өлгенше соны таныр қиядан.
* * *
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
* * *
Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек.
* * *
Ұлық болсаң – кішік бол.
* * *
Қылыш – ел шауып, қазына құрайды,
Қалам – қазына тауып, қайыр сұрайды.
* * *
Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар.
* * *
Халықтың хақы әкімде.
* * *
Халық бүлінсе, саясат оны түзейді.
* * *
Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады.
* * *
Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді.
* * *
Қылыш елді күзейді,
Қалам елді түзейді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Мәшһүр Жүсіп Көпеев
... Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін бірден жарып ұшырмайды. Екеу - екеуден жарып бала қылып ұшырады. Бәрін бірден жарып
Жүсіп Баласағұн отбасы жайлы Жүсіп Баласағұн отбасы жайлы
Адал жарда болмаса ізі күдіктің — Бақыты сол, байлығы сол жігіттің. Жаны сұлу — нұр құяды жаныңа, Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа.
Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн
Əйел алмақ болсаң, егер, қарарсың, Жіті бағып таңдаулысын аларсың! — Жібек мінез — қыз - келіншек шырыны, Біле білсең, əйел көркі — қылығы!
Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым. Жүсіп Баласағұн Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым. Жүсіп
Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым, Ескен желдей тірлігімді тауыстым. Қайран жастық, қайран отты күндерім, Тұта алмадым, қадіріңді білмедім!
Тіл өнері жайлы. Жүсіп Баласағұн Тіл өнері жайлы. Жүсіп Баласағұн
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар. Тіл — арыстан есік баққан ашулы, Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×