ойын сауық отауы
Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
02.10.2022 751 0 Admin

Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет

Әдебиет
Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
Тоныкөк (646 - 741 ж. ж.)
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек батырлығымен белгілі болған. Оғыз тайпасынан шыққан кемеңгер тұлға Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтеруге ат салысқан. Түркі жұртының ерлігі мен елдігін тасқа қашап, ұрпағына өшпес мұра қалдырған Тоныкөк: «Бүкіл түркі жұртына қарулы эау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» деп қолтаңба қалдырған.
Қағаны – батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жанады.
* * *
Жауыңды – басындырма, халқыңды – ашындырма.
* * *
Күші толып, кемеліне келмесе ел,
Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер.
* * *
Қағансыз ел – кіріптар.
* * *
Пәтуасыз ер – елге сор.
* * *
Ел қамын жеген ер – басшы.
* * *
Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі елім үшін!
* * *
Пәтуасыз табылса, ол халықтың қанша соры бар десеңізші!

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тарихи түптөркін: Арғанаты, Арқа Тарихи түптөркін: Арғанаты, Арқа
Арғанаты – тау, Ұлытау ауд., Қарағанды обл. Атаудың шығу төркінін талдаған ғалымдар халық этимологиясындағы: 1) «арғын ата»; 2) «арыған ат» сияқты
Оғыз қаған жайлы миф Оғыз қаған жайлы миф
Оғыздар, байырғы түркі руларының одағы, бірінші мыңжылдықтың басынан бастап, негізінен, Сырдария өзенінің сағасында өмір кешкен. Бұл жайында Орхон -
Тарихи түптөркін: Алтай Тарихи түптөркін: Алтай
Алтай – терістік жағы Ресей, шығысы Қытай, оңтүстік - шығысы Қазақстан Республикасындағы биік таулы аймақ. Ресейдің Алтай өлкесі Таулы Алтай
Әулиенің басына кісі жерлеу Әулиенің басына кісі жерлеу
Түркі даласында Қожа Ахмет Яссауиден басталған «әулиеден шарапат тілеу культі» көшпелі қазақтардың кісі жерлеу ғұрпына да өзгеріс әкелді.
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×