ойын сауық отауы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
28.05.2019 3 280 0 Дауыл

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Бұл қызықты
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ
Мәшһүр Жүсіп Көпеев

... Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін бірден жарып ұшырмайды. Екеу - екеуден жарып бала қылып ұшырады. Бәрін бірден жарып бала қылсам тамақ жеткізе алмаспын деп. Өзі намаздыгерден жоғары, бесіннен төмен бір - ақ мезгіл ұшады. Алса бір тышқан алады, алмаса алмай қалғаны. Сонда да құстың семізі болады. Себебі, қанағаты мол болғаннан. Адам қанағатты содан ғибрат алса керек.

Байғыз деген құс бар. Ғариплықты, бейшаралықты мойнына алып таста жатады, қайда бұзылған жай болса, сонда жатады. Су ішпейді, бидай, тары жемейді. Өзінде көлденең тістеген қылдан да жіңішке шөп болады. Оны да жемейді. Құр тістеп жүрсе керек. Қазақта бір сөз бар: "Тұрымтай екеш, тұрымтай да тайлы биенің етін жейді деген. Бір тауыққа һәм дән керек, һәм су керек деген. Бір нәрсені қорек қылып жейтұғын болсам, соның қарғысына ұшырап бейнетке қалсам керек" - деп. Сол үшін ешкімнің көзіне түспейді, жанға көрінбейді. Сүлеймен пайғамбарға барша құстар қызметкер, құл болғанда, ол келмеген. Сонда Сүлеймен патша:

- Не үшін маған келмейсің? - дегенде, байғыз айтты:

Менің жалған дүниеден ешбір керек қылған нәрсем жоқ. Сенен не іздеп келейін деген. Бұл сөзге ақыл жіберіп, ықылас қойған адам мұны ойлап пікір қылу керек. Ұшқан құсты торға түсіретұғын, жүгірген аңды орға түсіретұғын тамақ екен. Жұтқын тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі адаммын деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында. Ол жау не десеңіз, жұтқан тамақ жалғанда мазаққа, ақыретке, ғазапқа түсіретін тамақ. Тамағынан тартылған бәріне ықыласты болады...

Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», -
Киік - Мәшһүр Жүсіп Көпеев Киік - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
О заманда бар екен жалғыз киік, Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып. Тұзағына кәуірдің (кәпірдің) киік түсіп, Тартып үзіп кете алмай, қалды киік.
Бозторғай - Мәшһүр Жүсіп Көпеев Бозторғай - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
«Қиын жол қияметтің - тар - ды» - дейді, «Бір жағы - су, бір жағы от, жар - ды» - дейді. «Хазірет Ғалы пайғамбар заманында Маңайында бір мүсәпір бар
Ғибратнама - Мәшһүр Жүсіп Көпеев Ғибратнама - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Япырмай, кессем бе екен мен тілімді, Үйрендім қайдан өнер, көп білімді. Өткіздім қасірет пен қапалықта Қызықты ойнап - күлер мезгілімді.
Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер
Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
Қарапайым дәмді салат Қарапайым дәмді салат
Жұмыртқаның барлығын жарып араластырып, табаға аздап май құйып жұмыртқаны төрт бөліп қуырып алыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×