К. Сегізбай / Беласқан
Әдебиет
Ұлы Даланың рухани жауһары
К. Сегізбай / Беласқан
Бұл шығарманың желісіне халқымыздың бойындағы тұнып тұрған қасиеттердің үлгісі тартылған деуге болады: барымтада қапыда кісі өлтіріп жас өрім інісін “қанға қан” сұраған қарсы жатқан ала қашқан ағасының кісілігі қандай, ата жауым деп қарамай, оларды паналатқан қалмақ қаны Ошыржаптың жақсылығы қандай, елінен шалғай шыққан қос жігітке өкіл әке - шеше болып, құлдық ұрған баласыз қарт жұбайлардың ықлас - пейілі қандай, қазақ балуандарының бір - біріне үлгі көрсеткен, қалтқысыз әрекеттері қандай! Тіпті, сан жылдардан кейін еліне оралған екі жігіттің үш жыл өткен соң, сонау Еділ бойынан жиырма шақты түтінді ертіп Тарбағатай етегіне қайтадан келуі де имандылықтың жан сүйінер көрінісі: баласыз қос мұңлық өкіл әке, өкіл шешелеріне табысу қуанышын сыйлағылары келді ме, бірі қалмақ, бірі қазақ екі келіншекті туған - туыстарымен қауыштырып, туған топырақтарына тағы бір аунатуды парыз санады ма – қысқасы, осылардың баршасында үлкен кісілік қасиеттің ізі жатыр.
Бұл шығарманың және бір құнды жері этнографиялық сипатында, яғни бұдан 200 - 300 жыл бұрын ғұмыр кешкен бабаларымыздың тұрмыс - салты, киген киімдері, асынған қарулары, жөн - жоралғылары, той - томалақтары сол заманға сай суреттелген. Көркем дүние болса да, бұл романды оқыған этнограф немесе мәдениеттанушы мамандар көп деректер ала алады. Бұл жерде біз жазушының ізденгіштігі мен ұқыптылығына тәнті боламыз.
Романның жүрекке жылы тиген тағы бір сыры – оның жанрлық шеберлік үнінің нағыз қазақылығында. Әрбір тараудың эпиграфы (“біссімілләсі”) етіп халық өлеңдерінің бір - бір шумағын келтіріп отырғанның өзі – жазушының стильдік табысы: қарапайым әләуләй сияқты болып көрінетін сол шумақтар шығарма тармақтарының мазмұнын түйіндеп тұрады. Оқиғалар өмірдің көрінісі болса, эпиграфтарға алынған қарапайым өлең жолдары қазақ халқының сол өмір үзігін пайымдаған философиясын танытады.
Романның нағыз қазақы үні, яғни тоны, стильдік бояуы оның тілінде жатыр. Бұдан жүз жылдар бұрын өткен өмір шындығын көрсетуде жазушы тағы да суреткерлік талантын танытқан десек болар. Мысалы, төре, би сияқты сол кезеңдердің “лауазымды” адамдары қатардағы қалың жұрттан ақыл - парасаты, жүріс - тұрысы, сөйлеу үрдісі жағынан бөлектеу, жоғарырақ тұруға тиіс болғаны даусыз, әйтпесе ел билеуші төре, хан, ақыл - үкім айтушы би бола ала ма? Сондықтан Қамбар төре де, тіпті, қалмақ ханы Ошыржап та, төремен үзеңгілесе жүрген Қасқақ батыр да, ауылдың биі Нұралы да шешен сөйлейді.
Әрине, шешендік дегеніміз сөздің тек сыртқы жылтырақтығы емес, алдымен, айтылған ой логикасының мықтылығында, ауыздан шыққан сөздің анық, тыңдаушыға әсерлі болуында. Сөз әсерлі болу үшін ұйқасты не қосақты (параллель түзген) сөздер, мақал - мәтелдер, экспрессиялық бояуы қалың элементтер, көрікті эпитеттер мен орынды теңеулер, метафоралар, ассонанс, аллитерация сияқты дыбыстар үйлесімі т. б. сан алуан көріктеуіш амалдары жұмсалады. Мысалы, өзі паналатқан екі қазақ жігітін қандастарына қайтаруға келіскен қалмақ ханы Ошыржап, оларды қимай, толқып: “Қия алмайтын, қиналатын бір - ақ жерім бар. Ол жалғыз мен емес, бүкіл үй - ішімізбен, ауыл - аймағымызбен екеуіне бауыр басып кеткеніміз. Туыспаған туысым, қиыспаған қиысым болды. Жалшым емес, жанашырым деп қарадым, малшым емес, малқорым деп санадым. Сенімімді серттей ғып орындайтын семсерімнің қос жүзі еді. Қиналам, соған ғана қиналамын, төре!” дейді. Әрине, қалмақ ханы осылайша әсерлі, әсем етіп айтуға тиіс.
Мұндағы би, төре, батыр, хандар ғана емес, кейіпкерлердің барлығы да сөздерін шешендерше қиыстырмағанмен, дұрыс айтады, демек мұнда ауызекі сөйлеу тілінің күні кешегі ата - бабаларымыз қолданған үлгісі көрінген. “Өнер алды – қызыл тіл” деп бекер айтпаған бабаларымыз тілге, оның әсерлі, әдемі қасиеттеріне мейлінше көңіл бөлген. Мұны ХХ ғасырда қазақ даласында болып, сөздерін құлақтарымен естіген өзге халықтардың ғалымдары мен зиялылары ашық айтып кеткен еді. Атақты түркітанушы ғалымдар В. В. Радлов, П. М. Мелиоранскийлер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды. Академик В. В. Радлов: “Қазақтардың басқа бауырластарына (өзге түркі халықтарына) қарағанда, сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған қатты әсер етті” деп жазды. Ал ХІХ ғасырдың орта тұсында қазақ жеріне жер аударылған поляк зиялысы Адольф Янушкевич інісіне жазған бір хатында: “Ежелгі Грецияда немесе Римде болса, старшын Тоқымбай мен Бейсекенің өзі лаврдың астында қалған болар еді” десе, Г. Зелинскийге жазған хатында: “Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың куәсі болған едім. Сонда Демосфен мен Цицерон туралы ғұмыры естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын” дейді.
Кәдірбек Сегізбайдың кейіпкерлері де – сол кезеңнің адамдары. Олар осы шындықтың ақиқат екенін дәлелдейді. Сол бабларымыздың осы үрдісі қайда бұл күнде. Шаршы топ алдында сөйлеуге келгенде ана тілімізде ойын еркін, әдемі, шешен түрде айтып бере алатындар неге өте аз? Тілді құдіретті деп сезіну жоғалды ма, үлгі - өнеге жетіспей ме, бала күннен ауызданбай қалдық па, қапталдасып жүрген өзге тілдің ықпалы ерік бермеді ме, жақсы айтылған, шешен сөздерді ден қойып тыңдауға жоқпыз ба, кейіпкерлері таза, жақсы сөйлейтін кітаптарды оқып тұшынып отырудан қалдық па? Сірә, бәрі де, оның ішінде соңғы екі фактор бел алып бара жатыр - ақ дейміз. Сол себептен де әңгіме арқауы болып отырған “Беласқан” сияқты көркем туындыларды насихаттай түссек, кеңірек әңгіме етсек, тіл көркемдігін талдап бере берсек дейміз ғой.
Кәдірбек Сегізбай Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарсу ауылында 1941 жылдың 1 мамырында дүниеге келген.
1960 жылы Зайсан қаласы М. Әуезов атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған соң, туған аулында екі жыл қойшы, ферма есепшісі, интернат тәрбиешісі болып жұмыс істеді.
1962 жылы әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1967 жылы журналист мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Алғашқы "Ашылмаған сыр", "Бала бура" сияқты әңгімелері 1969 жылдары "Жас Алаш" газетінде, "Жұлдыз" журналында жарық көрсе, отыз жылдан астам уақыттан бері көптеген повесть, әңгімелері басқа да газет-журналдарда үзбей жарияланып келеді.
Кәдірбек Сегізбайдың қазақ және орыс тілдерінде оннан астам прозалық кітаптары жарық көрді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұлы Даланың рухани жауһары: Т. Тілеуханов /
Жазушы Төлек Тілеуханов «Келешек кіріспесі» атты романын қазіргі қазақ прозасында қалыптасқан әдеттегі үлгілерден өзгеше құрған.
Ж. Нәжімеденов / Ақ шағыл
Романда көзге көрнекті, бедерлі жасалған тұлға Темірәлі бейнесі. Әу баста ол балықшы, теңіз жағалауынан келіп, ұжымшарға бастық болады.
Пайдалы кеңес: Өкіл әке
Өкіл әке – бала отбасының перзентсіздігіне, жас адамның әкесіздігіне еш байланысы жоқ ара қатысты байлам. Үйлі - баранды елге танымал азаматқа қаны
Атамыз алыс болғанмен. Базар жырау
Атамыз алыс болғанмен Жамиғы қазақ бір туған. Бір бәлеге жолығар Есебін таппай сөз қуған.
Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Күлімсіреп тұрған қыз жігіттерге ұнайды.
Қыздардың бойындағы тартымдылық қасиетінің тағы бірі деп – күлкіні айтуға болады.