ойын сауық отауы
Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
07.01.2026 3 080 0 Дауыл

Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ

Бұл қызықты
ҚАДІР ТҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 7 СҰРАҚ
● ҚАДІР ТҮНІ ҚАШАН БОЛАДЫ?
Жауап: Қадір түні - Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27 - түн - Қадір түні болуы ең ықтимал түн. 2026 жылы Қадір түні наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түнге түсіп тұр.
ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.
● ҚАЙ УАҚЫТТА БАСТАЛЫП, ҚАЙ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ?
Жауап: Ол күн батып, ауыз ашқан сəттен бастап, таң ататын уақытқа дейін жалғасады.
● ҚАДІР ТҮНІ ҚЫДЫР АТА КЕЛЕ МЕ?
Жауап: Қадір түні де, басқа түні де Қыдыр ата келмейді. Ол - қате түсінік. Қадір түнін дұға, тілек, құлшылықпен өткізген адамға бір жыл бойы береке - бақыт, байлық, ырыс - несібе келеді.
●"ҚАДІР" ДЕГЕН СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір деген сөз "қадірлі" жəне "өлшем", "тағдыр" деген мағыналарды береді. Ол сөздер бұл түннің аса қадірлі екенін жəне адамның бір жылдық тағдыры өлшеніп берілетін сəт екенін білдіреді.
● ҚАДІР ТҮНІ ДАСТАРХАН ЖАЙЫП, ЕСІК - ТЕРЕЗЕЛЕРДІ АШЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?
Жауап: Қадір түнінің құрметіне дастархан жаюдың қажеті жоқ. Үйге жақсылық кіреді деп есік - терезелерді ашып қою да - қате түсінік. Керісінше, Алла сіздің дұға жасап, намазға жығылып, кешірімді, мейірімді адамға айналғаныңызды қалайды. Бұл түні сізден өзгеріп, мүлде жақсы адамға айналғаныңызды күтеді.
● ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЕҢ ЖАҚСЫ АМАЛ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қадір түнгі ең жақсы амал - Құран оқу, аудармасын оқып, мағынасын түсінуге ұмтылу.

Мүбәрак күндер мен түндер: Бәраат түні Мүбәрак күндер мен түндер: Бәраат түні
Алла Елшісі (с. а. с.) ережеп пен рамазанның ортасында елеусіз өткізіп алмауымызды ескертіп, өзі көбіне оразамен өткізген шағбан айының 15 - түні
Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық айтылмауы Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық
Уақытын тиімді пайдалану қажеттігін толықтай түсініп, тәжірибе жүзіне өткізе білген жандарды одан ары құлшындыра түсу үшін әрі сол уақыт тұрғысында
Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні
Рамазан айының 27 - түні «Қадір түні» деп аталады. Адамдарға дүниеде және ақыретте бақытты болудың жолын көрсететін дініміздің қасиетті кітабы –
2026 жылы қасиетті рамазан айы 19 ақпанда басталады 2026 жылы қасиетті рамазан айы 19 ақпанда
Ораза 2026 жылы 19 ақпан, яғни бейсенбі күні басталады. Қасиетті Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпан - 29 наурыз аралығында болады.
Ораза 2017 Ораза 2017
Биыл Рамазан айы мамырдың 27 - сі күні басталады.
Қадір түні Қадір түні
Шілденің 1 - нен 2 - не қараған түн – Қадір түні. Бұл түнді құлшылықпен, Аллаға жалбарынып, дұғамен өткізу қажет. Пітір садақаны Рамазан айы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×