ойын сауық отауы
Жиырма жылдық кездесу
20.05.2025 21 441 0 Дауыл

Жиырма жылдық кездесу

Өлеңдер
Жиырма жылдық кездесу

Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем,
Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем.
Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым,
Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.

Күн келді түлек әні шырқалатын,
Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын.
Келді олар артта қалған балалықтың
Ән қылып көтерсем деп шырқап атын.

Тағдырын тура жазып өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.

Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгін де жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.

Емес пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт та сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер.

Осы ғой өмірдің де нандырмағы,
Жұлдызын жарқыратып жандырғаны.
Жиырма жыл - жиырма көктем, жиырма жазда
Сан түрлі болды олардың тағдырлары.

Сан түрлі өтті олар өткелдерден,
Ызғарлы, өтті-дағы көктем күннен.
Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен
Бас қосты сыр айтуға өткен күннен.

Тергендей бала шақтан дала гүлін,
Олардың ұқшы сырын дара бүгін.
Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде
Іздеп тұр олар қазір балалығын...

Ғабиден Қожахмет

Адам өмірінің әр кезеңінің атауы бар Адам өмірінің әр кезеңінің атауы бар
Бір дәуір – 100 жылды төртке бөліп, әр 25 жасты бабалар: ДӘУРЕН, ЕЛ АҒАСЫ, АТАЛЫҚ, ТАУШЫМДЫҚ – деп атаған.
Жиырма жылға жасартатын эликсир Жиырма жылға жасартатын эликсир
Жан да, тән де, ағза да 45 жаста 25 - тегідей, ал 50 - де 30 - дағыдай көріну, ағзаның жастық шағын ұзақ сақтауға болады. Оның жолы мынадай:
Бейнет - зейнет пернесі Бейнет - зейнет пернесі
Жігітке жиырма деп қараған кім? Жігіт емес бәрі шаш тарағанның. Туған күні тумайды ер, Туады ол Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.
Сәби - ана Сәби - ана
Айналғанда аядай қалашықты, Алдымыздан кішкентай Ана шықты. Қырда отырған ауылға апаратын Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.
Ғалымдар әйелдердің ең тартымды жас мөлшерін анықтады Ғалымдар әйелдердің ең тартымды жас мөлшерін
Финляндия университетінің зерттеушілер тобы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, ер азаматтардың ойынша әйел қауымының ең тартымды жас мөлшері қай кез
25 жасқа тілек 25 жасқа тілек
Мұрат досым, 25 жасқа толған күнің құтты болсын. Саған зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңа амандық пен бақыт, шаңырағыңа шаттық пен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×