ойын сауық отауы
Еркіліктің жауыздығы
15.10.2020 900 0 Admin

Еркіліктің жауыздығы

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Еркіліктің жауыздығы
Еркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады.
Сен мені патшалығымнан айырдың, сол үшін жер бетінен тым құрыса бір жазық алап берсеңші! – деді.
Үлкен Тәңір оған: - Саған бірде - бір атырап берілмейді! – деп жауап қайырды.
Сонда Еркілік тым құрыса бір десте жер бер деп сұрады. Үлкен бұл ретте де көнбеді. Еркілік енді алақандай жер сұрады. Бірақ оның бұл тілегі де қабыл алынбады. Ақыры ол өзінің таяғының ұшын тығуға болатындай ғана жер сұрады. Ештеңеден секем алмаған Үлкен «жарайды» деп келісті.
Еркілік сайтан таяғын алып, жерге бойлата қақты. Сосын оны жұлып алғанда, таяққа тісімен жабысып ілесе шыққан қабанды дүниеге келтірді. Ал қабанның құйрығына бақа мықтап жабысыпты, оның соңынан бір - біріне тіркескен кесіртке, шаяндарда есеп жоқ. Жерден жәндіктердің осындай тобырын суырып алған Еркілік сайтан: - Барлығың да адамның жауы болыңдар! – деп айқай салды. Мұны көрген Үлкен Тәңір: - Жауыз сайтанға көп жер бергенде не болар еді! Ол бұдан да асқан сұмдық жасайды екен ғой! – деді.
Үлкен Тәңір Еркіліктің зұлымдығына қатты қаһарланып, «Енді ол жақта қалағаныңды істе!» деп, оны тозаққа тастап жібереді.
Сонда Еркілік: - Сен мені малайларыммен қосып көктен жерге құлдыратып құлаттың. Олар әр алуан қырық үш түрлі жерге: жартастар мен орман - тауларға, алқаптар мен далаға, от пен суға, адамдарға, аңдарға, малға және басқа да көптеген нәрселерге түсті. Осылардың барлығының иелері енді менің малайларым. Сондықтан мен еткерлер (бәле әкелетін жындар) деп аталатын қырық үш түрлі қызметшілерімді жіберемін. Олар зиянкестік жасап, адамдарды өле - өлгенше жәбірлейтін болады. Әрбір еткер өзінің құлап түскен орнын біледі. Сонда қожалық етіп, өз бетімен әмірін жүргізеді. Адамдарды өлімші халге жеткізіп, өлгендерін маған ертіп әкеліп тұрады! – деді.
Барлық жан иелерінің ғұмыр шегін белгілеу, ажалын жеткізу Жара - Шешеннің құзырында екендігіне қарамастан, енді еткерлер барлық жерде адамдарға зиян келтіріп, олардың өлімін тездетуге тырысты. Ал, ажал перісі Еркіліктің Тыналғыш - алдашы атты малайы өлгендердің жандарын кеуделерінен суырып алды. Бұларды жаналғыш әзірейілдер десек те болады. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он сегіз тозақты азат ету Он сегіз тозақты азат ету
Ер - Сайын әйелімен бес жыл тұрды, бірақ олардың балалары болмады. Әкесі мен шешесі: «Сен әйел алдың, отау тіктің. Бірақ сенің мұрагерің жоқ. Бізді
Ер - сайынның ерліктері Ер - сайынның ерліктері
Ер-Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға әділет орнату үшін жіберілген. Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шалдың
Жаман және жақсы қасиеттер туралы Жаман және жақсы қасиеттер туралы
Бірде кемеңгер ұстазға бір шәкірті келіп: - Ұстаз, неліктен жаман қасиеттер адамның бойына тереңінен еніп, қалып кетеді. Ал жақсы қасиеттердің
Әңгіме: Нағыз махаббат Әңгіме: Нағыз махаббат
Бірде ұстаз өзінің оқушыларынан сұрады: - Неліктен адамдар жанжалдасқанда, бір-бірлеріне дауыс көтереді?
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Өгіз бен бақа Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×