ойын сауық отауы
Ер - сайынның ерліктері
25.10.2020 1 123 0 Admin

Ер - сайынның ерліктері

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ер - сайынның ерліктері
Ер - Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға әділет орнату үшін жіберілген.
Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шалдың отбасында Ер - Сайын Чечірге атты ұл өседі.
Тойбон хан өзінің тоғыз зайсан - уәзірлерімен кеңес жасап, сол кеңесте Ер - Сайын батырды өлтіруге сөз байласты. Тойбон хан Ер - Сайынға қорқынышты аждаһа Қарағұлды алып келуді бұйырды. Батыр бұйрықты орындап, Қарағұлды сүйретіп хан алдына әкелді. Вждвһвдвн зәресі ұшқан Тойбон хан тезірек аулақ әкетуін сұрады.
Осыдан кейін Тойбон хан Ер - Сайын батырды зымиян зайсан - уәзірлерінің айла - шарғысымен, хан әйелі сау - саламат болса да, ауырды деген өтірік сылтаумен алдап, тоғыз қоңыраулы Толышақ бақсыға жіберді.
Ер - Сайын бақсыны да Тойбон ханға алып келді. Толышақ бақсы зікір салып, сарнап, тоғыз қоңырауын күркіреткенде, ханның әйелі шудан жан тапсырды. Ханның өзі шошып, батырға Толышақты алып кет деп жалына бастады. Содан Ер - Сайын тоғыз заңды шаманды қайтып апарып тастады.
Бұдан кейін зайсандар ханға Ер - Сайынды Қанкере деген әйел бақсыға жіберуге кеңес берді. Ер - Сайын бөгелмей аттанып кетті. Бірақ бұл сапарда ол суы улы Сары Теңізден өтуі керек болатын. Келе жатса, алдынан бір кемпір шығып «теңізден өте алмайсың, өте алған күнде де әйел бақсы Қанкеренің күші ересен, одан басым түсу мүмкін емес» деп түңілдірді. Әйткенмн, Ер - Сайын улы теңізге жеткенше қыс түсіп, теңіздің бетіне мұз қатып, батыр мұздың үстімен жүріп өтті.
Ер - Сайын келе жатып, Олокондин Шыңғыс Покози батырды кезіктіреді. Ол Ер - Сайынға Қанкеренің киіз үйіне кіргенде аса сақ болып, не істеу керектігін үйретті. Ер - Сайын Қанкеренің киіз үйіне жақындап келіп торғайға айналып, үйге ұшып кірді. Бірақ Қанкере үйде жоқ екен, мұнда тек екі қызы ғана отыр. Ол енді тысқа шығып, жас жігіттің кейпіне еніп, үйге ұайта кірді. Қанкеренің қыздары Ер - Сайынды құрметтеп қарсы алды.
Кенет күн күркіреді. Бұл келе жатқан Қанкере еді. Үлкен қыз Ер - Сайынды қызыл орамалға айналдырып, кебеженің үстіне қойды. Қанкере үйге кіре сала көзіне қан толып «мұнда біреу бар ғой!» деп қаһарына мінді.
Қанкеренің үлкен қызы қызыл орамалды еденге тастай салғанда, ол Ер - Сайынға айналды. Қанкере одан: - Сен кімсің? – деп сұрады.
Сонда батыр өзінің кім екенін, қайдан келгенін, кім жібергенін жасырмай айтып берді. Құдіретті Қанкере: - Өтірік айтып тұрған жоқсың ба? – деп қаһарлана сұрады. Сөзінің растығын тексеру үшін бақсы әйел бір күн, бір түн зікір салып, даң - дабылын дүңкілдетіп ойнады. Ақыры ол Ер - Сайынға: - Сенің айтқаның рас екен. Тойбон хан сені құртқысы келеді. Оған екеуіміз бірге барайық! – деді.
Сөйтіп олар дереу Тойбон ханға жөнеліп кетті.
Алғашқы ұлыстарға кірген беттен Қанкере зікір салып, дабыл ұрды. Тойбон хан үрейі ұшып, олардың алдынан тоғыз елші жіберіп, зікірді тоқтатуды және Қанкерені кейін қайтаруды сұрады. Сонымен Қанкере үйіне қайтып, Ер - Сайынға: - Маған үш жылдан кейін келерсің! – деді.
Тойбон хан мұнымен де қоймай, оны енді Еркіліктен жырақы, яғни арақ қайнататын ыдыс алып келуге жұмсады. Ер - Сайын бұйрықты орындауға аттанды. Өзінің сенімді аты Хангил Ер - Сайынға көзін жұмуға бұйырып, олар жер асты патшалығына түсті. Осы арада ат өзінің иесіне былай деді: «Бізді екі қарға, тоғыз қара қыз және екі түйе қарсы алады. Еркіліктің тоғыз атын ұстап алып, олардың көздерін қарғаларға берсең, риза болады. Қыздарға сол аттардың сіңірлерін, ал түйелерге – төрт темір қазық берерсің».
Ер - Сайын осы айтылғандарды бұлжытпай орындады. Сөйтіп еш кедергісіз Еркілікке жетіп, одан жырақы (арақ қайнататын ыдыс) сұрады. Еркілік сұраған затын бермек болды, бірақ орнына астындағы мінісін қолқалады. Ер - Сайын атын беріп, жырақыны алды. Еркілік батырдың атын қабат қабырғамен қоршалған қораға қамауға әмір етті. Сенімді серігі, астындағы атынан айырылған Ер - Сайын көңілі босап, көзіне жас алып, үйіне жаяу қайтты.
Кенет күн күркіреп, бұлт үйірілгендей болды. Бұл – еркіндікке шығып, көсіле шапқан Хангил екен. Ер - Сайын қуанышы қойнына сыймай, атына қарғып мінді. Ал Хангил болса, оған көзін жұмуға бұйырып, жер асты патшалығынан Жоғарғы Әлемге – жарық дүниеге алып шықты.
Ер - Сайын сол бетімен Тойбон ханға келіп, алдына жырақыны лақтырып тастады да, өзі Қанкереге аттанып кетті. Қанкере бақсы: - Сірә, Үш Құрбыстан – Үш Құдіретті Құрдас саған менің қызымды әйелдікке беруге ұйғарған болар! – деп өзінің кіші қызын ұзатты.
Ер - Сайын үйіне аман - есен оралып, ұлан - асыр той жасады. Баяғы тоғыз зайсан - уәзір мен тойға жиналған халық батырды өздеріне хан көтерді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Он сегіз тозақты азат ету Он сегіз тозақты азат ету
Ер - Сайын әйелімен бес жыл тұрды, бірақ олардың балалары болмады. Әкесі мен шешесі: «Сен әйел алдың, отау тіктің. Бірақ сенің мұрагерің жоқ. Бізді
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз
Тоғыз Халық мәдениетінде дәстүр ретінде ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен, қолдану жолы
Қайсардың ерліктері Қайсардың ерліктері
Қайсар – Көк құдайы Үлкен Тәңірдің үш ұлының үлкені. Бәзбіреулер оны Кесар немесе Гесер деп те атайды. Қазақша оны Абай Қайсар хан деуге болады.
Батырлар туралы мақал - мәтелдер Батырлар туралы мақал - мәтелдер
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса. Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі –
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×