ойын сауық отауы
Әмиян тауып алған кедей жайлы
03.12.2019 3 527 0 Admin

Әмиян тауып алған кедей жайлы

Бұл қызықты
Әмиян
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
- Мен бұл теңгеге үйге нан, сүт, азық - түлік алып барамын, әке - шешем, бала - шағам бір тоятын болды - деп ойлапты. Осылай ойлаған сәтте қолындағы әмиян біраз ауырлағандай болыпты. Тағы ашып қараса, енді он алтын теңге пайда болыпты. Жігіт қуанып:
- Енді мен бұған үйдегі әке - шешеме бұзаулы сиыр алып берем, аузы аққа жарып, қарқ болатын болды - депті.
Әмиян одан да ауырлапты. Ашып қараса, жүз алтын теңге шығыпты. Жігіт, әмиянның қасиетіне риза болып, мен енді бұл ақшаларға ата анама жаңадан үй соғып беремін, тұрған үйіміз құлайын деп тұр. Байғұс әке шешем қуанып қалатын болды депті. Осылай ойлағаны сол - ақ екен әмиян бұрынғысынан да ауырлап кетіпті. Жігіт ашып қараса, мың алтын теңге шығыпты. Жігіт сәл ойланып тұрыпты да:
- Әкем шешемді жаңағы үйде қалдырып, өзіме басқа жақтан жер алып, зәулім сарай соғамын, қатын, бала-шағаммен сол зәулім сарайда тұратын болам дегені сол - ақ екен әмиян қайтадан жеп - жеңіл боп қалыпты. Жігіт ашып қараса, баяғы бір алтын теңге жатыр екен…

Түйін сөз: Қиссадан қисса, әке - шешеге еткен жақсылықтың сауабы мол болмақ.

Сүт сатушы Сүт сатушы
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына
Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш! Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті.
Жеті шелпек шарапаты Жеті шелпек шарапаты
Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға
Қыз және күлше Қыз және күлше
Бір қыз іс сапармен жолға шығу үшін әуежайда өз рейсін күтіп отыр екен.
Табылмай бір керім жігіт Табылмай бір керім жігіт
Табылмай бір керім жігіт "Сізге ғана құштармын", - деп, көп жігіттер ғашық болды. Бір "керімін" ұстармын деп, қыз көңілі тасып толды.
Жарлы бай Жарлы бай
Бір күні Жарлы отырып ойға қалды, Байларға кейбір сараң көзін салды. «Ішіп - жеді, рақатын көрмеген соң, Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×