ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде
20.02.2021 583 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде

Әңгімелер
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын Олимпиадалық ойындарына арнаған өлеңдерінде білдірді:
«Адамдар қауымы бар,
Құдайлар қауымы бар,
Тынысымыз бір анадан берілген.
Бірақ күш - қуатымыз әрқилы:
Адам - түк те емес,
Ал мыс реңді аспан -
Ғасырлар бойы мызғымас мекен.
Бірақ бізді көктің иелеріне қарай
Көтеретін әлдебір нәрсе бар:
Құдіретті рух па екен,
Жаратылыс күші ме екен?
Күндіз - түнгі сапарымыз
Қай жерде үзілері,
Тағдырдың қалай белгілегені,
Бізге мүлде беймәлім десек те».
Пиндар үшін атлеттер әрқайсысы жеке жеңімпаз болуды армандайтын адамдар ғана емес. Ақын спорт жетістіктерін барлық адам жасампаздығының жоғары үлгісі саналатын құдайлардың ерліктерімен салыстырады. Адамдар қол жетпес алыстағы құдайларға құлдық ұрып, еліктеп қана қоймайды, өз бойларындағы құдайлық бастауы бар қабілетін де дамытуға тырысады.
Мардук пен Тиамат туралы миф, қалай болғанда да, Ханаан тұрғындарына ықпал еткен секілді; олардың найзағай және құнарлылық құдайы Ваал - Хаддад (дәл осы Ваал турасында Тәуратта теріс пікір білдірілген) туралы осыған ұқсас аңызы болған. Ваалдың теңі бен өзен құдайы Йаммумен шайқас баяны бізге б. д. д. XIV ғасырға тиесілі делінетін қыш қалақшалар арқылы жетті. Ваал мен Йамму хаандықтардың жоғары құдайы – Илумен қатар өмір сүрген. Құдайлар кеңесінде Йамму Ваалдан өзіне құл болуын талап етеді. Ваал Йаммуды екі сиқырлы қаруының күшімен жеңеді және өлтіруге шақ қалады, алайда Илудың жұбайы әрі екі қарсыластың анасы Асират өзінен әлсіздің бәрін өлтіре беруге болмайтынын ескертеді. Ұялған Ваал Йаммуды кешіреді. Йамму құрлықты үнемі су астында қалдырамын деп қорқытатын адамзатқа өш – теңіз кейпінде болса, керісінше, Ваал мейірімді еді, өйткені жер жүзін жауынмен жарылқайтын.
Осы мифтің екінші нұсқасы бойынша, Ваал көне еврейлер Левиафан деп атаған жеті басты айдаһар Латанды өлтіреді. Барлық дерлік мәдениеттерде айдаһар бейнесі ұйықтап жатқан, қалыпқа түспеген және дүлей күшті білдіреді. Осы жасампаз ерліктің арқасында бастапқы бейберекетсіздікке қайта апаратын жол жабылды. Сол үшін Ваал құдайлар тарапынан марапатталып, оның құрметіне сәулетті сарай салынады. Ең көне діндерде кез келген шығармашылық құдайлық әрекет ретінде танылды. Айтқандай, осы күнге дейін біз тіршілікке соны леп пен жаңартылған мазмұн беретін шығармашылық шабыт туралы сөз қозғағанда, діни сөздерді жиі пайдаланамыз.
Бұл ретте Ваалдың жағдайы айтарлықтай мәз болмады: ол қаза тауып, өлім мен ұрықсыздық құдайы Мутудың жерасты әлеміне түседі. Ұлының тағдырын естіген Илу тақтан түсіп, кенеп қапқа оранады және екі бетін тырнайды, бірақ ұлын құтқара алмайды. Ваалды іздеуге оның қарындасы әрі сүйіктісі Анат кіріседі. Ол аспан әлемінен түсіп, ағасы әрі жұбайын «сиыр бұзауын немесе қой қозысын аңсағандай» жанұшыра іздейді. Сосын, оның өлі денесін табады, құрметтеп жерлейді, бұдан кейін Мутуды ұстап, қылышпен кескілеп, қалдығын өртеп, ұнтақтап, дән құсап ұшырып, жерге себеді. Өлген құдайды іздеу және топырақты жаңартуға қатысты осыған ұқсас оқиға Инанна, Иштар және Исида сынды басқа ұлы әйел құдайлар туралы да баяндалады. Анаттың жеңісін жыл сайын ерекше рәсімдер арқылы жаңғыртып отыру керек болды. Кейіннен (дәл қашан екені белгісіз, өйткені дереккөз толық емес) Анат Ваалды тірілтеді. Еркектік және әйелдік бастаманың бірігуін көрсететін бұл тұтастық пен бірліктің шарықтау шегін Көне Ханаанда салттық жыныстық қатынастармен атап өтетін болған. Құдайларға еліктеп, адамдар қуаңшылықпен бірігіп күресетін болған, табиғаттың өсімталдығын сақтауға және оның өздігінен жаңару қабілетіне көмек беріп отырған. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек? Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара - қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы
Сөзінде тұра алмаған адам, құрметке лайық емес. Сөзінде тұра алмаған адам, құрметке лайық емес.
Бөгденікін алма, өзіңдікін берме! (Араб даналығы) Өзгелерді қайтесің? Өзің адам деген атқа лайықты бол!
Өмірді болжау мүмкін емес Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі
Бородино Бородино
– Айтшы, аға, неғып жеңілдік Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс.
Армысыңдар, адамдар! Армысыңдар, адамдар!
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан, Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам? Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған! Әрбір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×