ойын сауық отауы
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек?
27.07.2017 8 709 0 Дауыл

Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек?

Жалпы кеңес
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек?
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара-қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы алғашқы кездесуге байланысты. Алғашқы кездескенен-ақ жақсы әсерде қалдыру үшін қыздар өзін қалай ұстауы керек?

Адамды тыңдай білу – өнер. Жай ғана тыңдау жеткіліксіз. Әңгімелесуге құлықты екеніңді білдіріп, сұрақтар қойып қызығушылық танытып отырғаныңды білдірген дұрыс. Айтқандарын мұқият тыңдап есіңе сақтауға тырыс, өйткені екінші рет кездесу кезінде қажетіңе жарап қалар.

Жігітпен алғашқы кездесу болғандықтан әңгіме кезінде бұрынғы қарым-қатынастарың туралы айтпай-ақ қойған жөн. Егер жігіт өзінің бұрынғысы туралы әңгіме қозғай бастаса тоқтатпа. Оның өткенін таңдау, жігітті жақынырақ тануға мүмкіндік берер. Болашақта оның көмегі тиіп қалар. Өзіңнің отбасылық мәселелерің туралы ұзақ әңгімені кейінге қалдыр. Егер жағымсыз әсер қалдырғың келмесе, көңіліңді қалдырған адамдар мен сәтсіздіктерің туралы айтып шағымданба. Бос уақытын қалай өткізетінін туралы сұраңыз, көбіне бейтарап тақырыптарда әңгіме қозғаған дұрыс мысалы, кино, музыка.

Би билеген кездегідей әңгіме-дүкен кезінде жігіттің басқаруына мүмкіндік бергенің дұрыс. Шынайылық танытып, әңгіме саған таныс емес, ұнамайтын тақырыпта болса, ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін түсінбегеніңді мойында.

Алғашқы кездесуге кешікпей бар. Уақытында бармаған жағдайда жігіттің көңіл-күйі бұзылуы мүмкін, әңгімелерің жараспай қалуы ғажап емес.
Ол адамның айтқанына толықтай келісе беруге болмайды. Әр адамның жеке өз көзқарасы болуы керек әйтпесе жасық, қызықсыз адам болып көрінуіңіз мүмкін.
Адамның сыртқы келбеті ең басты назарда. Сондықтан мұны ұмытуға болмайды. Жігіттер қауымы, көзбен сүйеді деген қағиданы ешқашан есіңнен шығарма және актуалдылығын жоймайды.

Өзің туралы толық ақпаратты алғаш кездескен кезде-ақ айтып салуға болмайды. Қыздар қауымы жігітті өзіне ынтықтырып тұрарлықтай ашылмаған құпияға толы болуы керек.
Кез келген адам сөйлесіп отырған жанның шынайы келбетін таниды. Алғашқы кездесу есте қаларлықтай болсын десең, шынайы әрі ақкөңіл болуың керек.

Дайындаған: Асыл

Қыз-келіншектер кеңесіңізбен бөлісуге болады, ол үшін жазбаны мына эл. поштаға жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады

Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ Махаббат, сезім жайлы 30 сұрақ
Есіңде мәңгі сақталып қалған қошемет сөз (комплимент) қандай? Сен әдетте ұйықтар алдында не туралы ойлайсың?
Ер адамдармен қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған жөн. Ер адамдармен қандай тақырыпта әңгіме қозғамаған
Қыздар жігіттермен әңгімелескенді жақсы көреді. Екі адамның да көңілі қалаған тақырып болса құба-құп. Әңгіменің серігіңізге ұнамай отырғанын байқай
Жаңадан танысқан адаммен сөйлесу барысында іс-қимыл. Жаңадан танысқан адаммен сөйлесу барысында
Жақсы танымайтын адамның жеке кеңістігі бар екенін ойыңызда сақтаңыз. Алғашқы кездесуде бұл өте маңызды. Егер әңгімелесушіге тым жақындап кетсеңіз,
Алғашқы кездесу. Алғашқы кездесу.
Шіркін, жастық шақ, ол кезде бәрі алғашқы рет! Сонымен жас жігіт кездесуге шақырды дейік, оған дейін ешқашан кездесуге барып көрмеп едің.
Адамға қарым-қатынас не үшін қажет? Адамға қарым-қатынас не үшін қажет?
Адам – әлеуметтік жаратылыс. Ол тамақтану, көбеюмен қатар тілдесуді қажет етеді. Қарым - қатынас арқылы ақпарат алмасып, таным аясы кеңейеді.
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×