Шешендік сөздер: Деген екен...
Әңгімелер
Шешендік сөздер: Деген екен...
Бөлтірік шешен бір жазда Тезек төреге барады. Бөлтіріктің шешен, ділмәр ақын әрі батыр екенін сыртынан есітіп жүрген Тезек оны бар ықыласымен сыйлап, әңгіме, жырын тыңдайды. Бір жағынан әр қилы сөзге салып сынайды. Дәм, тағамды тартына алып отырған Бөлтірікке Тезек төре:
- Алып отырыңыз, Бөлтеке, қазы - қартаға мәнісіңіз жоқ қой? - Сонда Бөлтірік:
- Төрем, сіздің үйдің қайсы бір дәмін татып қарасам, бәрінен елдің көз жасының соры шығады. Мұндай ас бізге жақпайды, - депті.
Тезек төре әңгіменің бетін басқа жаққа бұрмақ болып:
- Бөлтеке, Ысты елі қанша түтін болады? - десе, ол кідірместен:
- Алты аталы алты мың ауыл Ысты, ат төбеліндей алпыс үйлі төреден аз емес шығар, - депті. Тезек төре үндемей отырыпты да тағы да бірде:
- Бөлтірігім, анау кермеде тұрған атымды сынап көрші? - дейді. Бөлтірік барып, атты ары - бері қарайды да:
- Бұл ат өз жылқыңыздың тұқымынан емес қой. Қайдан келген жануар өзі? Жаманбай Таздар ауылының жылқылары ылғи осындай құлан мойын, қара көк болушы еді, - деп қояды. Бөлтіріктің мұнысы ана бір жылы Тезек төренің сол елден бір үйір жылқы айдатып алғанын еске салу болатын. Шыдамы таусылған төре:
- Оны қозғамаңыз, ол алда қашан бітісіп, сіңісіп кеткен жылқы, - деп сипақтапты.
Тезек төре тағы да:
- Енді, анау босағада жатқан тазыма не айтасыз?, - дейді.
Бөлтірік:
- Тазыңыз құмайы, жүйрік - ақ екен, дегенмен бір жаман әдеті бар көрінеді. Ит иесіне тартады деген емес пе, әр үйден ет ұрлап жей ме деймін, - көз қарасы соны айтып тұр дегенде уәжден ұтыла берген Тезек:
- Япыр - ай, басымның ауырып тұрғаны, - деп сылтауратады. Сонда Бөлтірік:
- Алла сақтай гөр, төре баласы мен түйе ботасы басы қисайса мал болмаушы еді - дегенде, Тезек төре Бөлтіріктің төтеннен сөз тапқырлығына тәнті болып:
- Шіркін - ай, қазақтан сендей уәж тапқыш шешен туа береді екен - ау, - депті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Шалқыма
Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған. Осындай бір жылдары көктем
Даналық
Бірде: «Қыстауыма қой жайдың» - деп, қойымды қуған жерлес ағаммен төбелесіп қалдым. Жас едім, жасын едім. Бар жоғы жиырма бірде ғанамын. Ол кісі
Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев
Туған елдің түтіні де тәтті ғой, Тоңа ма деп таңы талай атты ғой. Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы, Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ
Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали: — Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да
Ана. Бек Ноғайбайұлы.
Ана, Ауыл жақта барады сағындырып, Бұл жақта атқанымен таңым күліп. Қасында жүргенімде періште едім, Қалада жіберді ғой қағындырып.
Қарашаш сұлу. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаштың әйгілі Жиренше шешеннің әйелі екендігі баршаға мәлім. Қарашаш туралы аңыздардан оның ақылды, тапқыр жан болғандығын екінің бірі