ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Деген екен...
26.03.2021 1 754 0 Admin

Шешендік сөздер: Деген екен...

Әңгімелер
Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына:
– Ғалымтайыма қыз айттырайын деп едім. Сен әйел затының сұңғыла сыншысысың ғой. Кіммен құда болғаным жөн? – деп ақыл сұрайды. Сонда Ақан сері:
– Құр бекер жаман әйел бұлттың қабы, 
Келмейді жақсы әйелсіз ердің бағы. 
Жабыға арғымақтан айғыр салсаң 
Баласы сол арғымақ туар жабы. 
Ер жігіт қанша жақсы болса - дағы, 
Әйелге байланысты ердің бағы. 
Алғаны ерге серік бола алмаса, 
Жігіттің болмашыдан сыңар сағы. 
Жігіттер, әйел алсаң тексеріп ал, 
Төркіні, нағашысы барлық жағы. 
Ақылы, зейін, көркі бірдей келсін, 
Құр бекер керек емес беттің ағы. 
Жігіттер, әйел алсаң сөйлесіп ал, 
Сөйлес те фаһіміне зейінің сал. 
Құтылу қиын болар бала тапса, 
Емес қой сойып, сатып жоятын мал. 
Өмірге үйлесе алмай өкінішпен, 
Деуменен «әттең ғана» боласың мал. 
Ұқыпсыз жаман әйел алған жігіт, 
Мойнына арық аттай бітпейді жал. 
Жақсы әйел алған жігіт базары үйде, 
Махаббат, сүйіспендік келсе егер дәл. 
Ақаннан сұрасаңыз айтары осы, 
Хазірет, ендігісін ақылға сал, – деп тоқтапты сері.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қасқа көл дауы Қасқа көл дауы
Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші
Мағыналы сөздер Мағыналы сөздер
1. Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 2. Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі. 3. Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Әйел Әйел
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды
Әйеліңіз әдемі болсын десеңіз көңіл бөлуден жалықпаңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×