ойын сауық отауы
Қасқа көл дауы
07.02.2021 2 211 0 Admin

Қасқа көл дауы

Бұл қызықты
Шешендік сөздер
Қасқа көл дауы
Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші екен. Екі қарт бірыңғай болады да сәлем хат жазады...
Ормамбет хатпен жауап қайырады. Халық жиналып бір олай, бір былай сөйлесіп, ақырында үй тігіп сөйлесуге келіседі: «Қасқа көл туралы Айқын көлге үй тігелік» десіп екі ел жиырма үй тігеді. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле:
— Ай, Ормамбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ, бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоқсын, ер кетер, жер жетер, Ормамбет! Ешкімге опа қылмас дүние боқ! Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен жас едің көңілдегіңді аларсың! — дейді.
Әйтеке де Төленің сөзін қостап:
— Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген, бізге кейінгілер осыны айта ма деп ойлаймын,— дейді. Сонда Ормамбет:
— Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әр кімдер - ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай істер жаман деген,— дейді.
— Ей Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді беріңіз, Қасқа көл рас сізге жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқа көл берсе қайырын тілеп көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар»,— дейді Төле. Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбет екі шалға ырық бермеген соң Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән - жайын бастан - аяқ сөйлейді. Сонда анасы: Балам, қарт билерді бекер ренжіткен екенсің, әлде болса, тілімді алсаң Қасқа көлді бөліп бер,— дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үй тігіп, тоғыз бие сойып Төле мен Әйтекені шақырады.
Билер келіп мәжілістесіп отырғанда Төле былай дейді:
— Әйел жақсы болса білім иесі батыр туады, жаман болса ер бөксе болса да қатын туады. Әйел жақсы болса ердің басшысы емес пе?! Бұрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп едім, Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып, мәңгіде тірілмейтін өлік едім, Жеңгей! Мені тірліттіңіз, енді балаңызға бата берейік,— дейді. Көлді ынтымақпен бөлісіп ел ризаласып тарқапты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Кеңес Күй аңызы: Кеңес
«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз.
Жеке батыр - Сәкен Сейфуллин Жеке батыр - Сәкен Сейфуллин
Болыпты баяғыда Жеке батыр.... Тау бағып жатады екен тігіп шатыр. Бір күні қарауылда қалғып кетіп, Сол батыр бүгінгеше ұйықтап жатыр.
Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер
Данагүл Төле бидің келіні екенін көзі қарақты адамдардың барлығы біледі. Ол шамамен 1720 - 1790 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі –
Төлебиге Қарасай батырдың берген батасы Төлебиге Қарасай батырдың берген батасы
Қарағым Төле, айтқаның әділ болсын, Тілегің қабыл болсын. Дұшпаныңның қарғысы жетпесін, Атқан оғы өтпесін. Басыңнан бақыт кетпесін.
Нағашыбек Қапалбекұлының батасы Нағашыбек Қапалбекұлының батасы
Ұлдарыңыз айбарлы болсын, Қыздарыңыз жайдарлы болсын! Үйлеріңе қызыр шалып, Әманда қыдыр қонсын!
Мына қасқа... Мына қасқа...
Қор болған жылдарым - ай, күндерім - ай! Асауға ауыздықсыз мінгенім - ай! Мына қасқа бәрін де біле тұрып, Мына қасқа бірін де білмеуін - ай!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×