ойын сауық отауы
Бағалай білсең бәрі бақ
06.04.2019 3 277 0 Дауыл

Бағалай білсең бәрі бақ

Бұл қызықты
Бағалай білсең бәрі бақ
Біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан үйлеріне қыз айттырып келеді. Қыздардың әкесі менің екі қызым бар дейді. ӨЗІН ТУҒАНМЕН МІНЕЗІН ТУМАЙСЫҢ деген бір қызымның мінезі нашарлау, қалың малға 1 сиыр берсең де жарайды, ал екінші қызым биязы, қолынан бал тамған шебер бұл қызыма 3 сиыр сұраймын дейді. Айттырушы: күмәнданып тұрғаным өз қызыңды қалай нашарлау деп айтасың дейді. Сонда әкесі: ҚЫЗДЫҢ СЫРЫ ТӨРКІНІНЕ МӘЛІМ деген құда болайын деп отырмыз бет көрісетін адамсыз....... сондықтан бар шындықты айттым дейді. Айттырушы: жарайды күмәнданба, күмәндансаң ең жаман нұсқасын таңда да сонымен жұмыс жаса деген мен нашарлау қызыңды аламын, бірақ 1 сиыр емес 7 сиыр беремін. "ӘЙЕЛ МЕН ҚАЗАННЫҢ ҚЫМБАТЫН АЛ" деген дейді.

Содан бір жыл күтеді қызды әкеліп тастайтын шығар деп, екі жыл өтіпті жоқ. Содан шыдай алмай өздері барады. Келсе айрандай ұйыған отбасы, қызының бұрынғы шайпау мінезі жоқ. Бұл қалай болғаны дейді таңданып? Қызы: мені өте жоғары бағалады, сіздер олай бағаламаған едіңіздер. 7 сиырдың құнынан төмен болғым келмеді деген екен.

Қандай керемет десеңізші. Мына оқиғада жаман адамның өзін бағалай білуді, ал сол жаман адам бағалағанды бағалау керектігін жақсы көрсетіпті. Ал біз тіпті жақсылардың өзін бағалай алмай...... жатамыз. Бағалағанды бағалай білу керек. Бір - бірімізді бағалай білейік!

Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады
Егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, сол шыңға шыққандар саусақпен санарлық. Жұрттың бәрі үйленіп, тұрмыс құра береді.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді: — Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Қарашаш сұлу. Қазақ тарихындағы әйелдер Қарашаш сұлу. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаштың әйгілі Жиренше шешеннің әйелі екендігі баршаға мәлім. Қарашаш туралы аңыздардан оның ақылды, тапқыр жан болғандығын екінің бірі
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2
Қыз кетсе – қуаныш, Тұрақтаса – жұбаныш.
Сиыр айдап өріске ертеңменен Сиыр айдап өріске ертеңменен
Сиыр айдап өріске ертеңменен, Баратын ек тоғайға еркемменен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×