ойын сауық отауы
Қиындықтың сыйын күрескен алады
18.12.2021 410 0 Admin

Қиындықтың сыйын күрескен алады

Әңгімелер
Пайдалы кеңес
Қиындықтың сыйын күрескен алады
Ертеректе бір сұлтан қала сыртына өте үлкен сарай салдырады. Ашылу салтанатына өз халқының барлығына шақыру жібереді. Қала сыртындағы бұл сарайға апаратын тек ғана жалғыз аяқ бір жол бар екен. Сұлтан сол жолдың қақ ортасына үлкен бір тас қойдырыпты. Ал өзі халықтың бұл көрініске қалай әрекет ететінін көрмек үшін сарайдың әлгі жол жақсы көрінетін бір терезесінің алдына отырып, бақылап отырады. Сол аймақтың ең дәулетті саудагерлері, байлары сарайға қарай ағылып келіп жатты. Барлығы қиын да болса әлгі тасты айналып өтіп жатты. Олардың көпшілігі: «бұл сұлтан халқтан қаншама салық жинаса да, «осы бір жолды жөндейін» демепті. Осындай да сұлтан бола ма екен?»- деп сөгіп жатады.
Кешке қарай ымырт үйіріле бастағанда сарайға келушілердің соңы болып бір ауыл тұрғыны келе жатады. Бұл адам әлгі сарайға жеміс - жидек, көкөніс арқалап келе жатыр екен. Тас тұсына келгенде арқасындағы себетті жерге қоя сала, әлгі тасты жолдан тасалауға кірісе кетеді. Алайда тас үлкен әрі ауыр еді. Бірақ тастың ауырлығы бұл кісіні тоқтатпады. Қайта амалын тауып, тасты аунату үшін астына тығып көтермекке ағаш іздеп табады. Ары - бері тырысып, соңында сол тасты аунатып, жолдан алыстатады. Кетпек болып, қойған себетін арқасына қайта салмақ үшін ыңғайлана бергенде, әлгіндегі тастың баяғы тұрған жерінде бір дорбаның жатқанын көзі шалып қалады. Дорбаны алып қараса сыртында бір - екі ауыз сөз бен сұлтанның мөрі бар екен. Ол жазуда сұлтан: «Бұл алтындар осы кедергіні жолдан алып тастаған адамдікі болсын», - депті. Осылайша жолында кездескен кедергіге басқаны кінәләмастан күресе білген бұл адам, төккен терінің ақысын тері кеппей тұрып алған екен.
Бұл оқиғадан біздің де алар сабағымыз бар: өмірімізде кездесетін әрбір қиындықтың соңында күрескен адам үшін сый- сияпаты бар. Алла Елшісі (с. а. с) бір сөзінде: «жұмысшы жалдасаңдар ақысын тері кеппей тұрып беріңдер»,- дейді. Дініміз мұны қатардағы әрбір мұсылманға бұйырса, дінімізді берген – Алла, ақымызды жемейтіні хақ.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Өз - өзіңді жақсы көр... Өз - өзіңді жақсы көр...
Мейлі біреу сені дұшпан санасын, Мейлі біреу жаман көзбен қарасын. Сен оларға жақсы көзбен қарай caл, Сонда олардан жоғарылау боласың.
Барлығы ниетке байланысты... Барлығы ниетке байланысты...
Бір кісі пойызға асығып жүгіріп келе жатады. Енді жақындай бергенде пойыз қозғала бастайды. Әлгі адам әрең дегенде үлгеріп, қолын созып тұтқадан
Аягөз, қайда барасың? - Дулат Бабатайұлы Аягөз, қайда барасың? - Дулат Бабатайұлы
Тауды екіге жарасың, Тастың қашап арасын. Кесіп өтіп кезеңді, Аягөз қайда барасың?..
Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Динара Сұлтан - Мені ойла Динара Сұлтан - Мені ойла
Динара Сұлтан "Мені ойла" әні
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×