ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Бақыттың тұрағы
07.09.2022 388 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Бақыттың тұрағы

Әңгімелер
Салт - дәстүр сөйлейді: Бақыттың тұрағы
Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіреді. Ол:
– Әй, Бақыт, мен ел ішін аралаймын, пенденің тілегін Құдайға жеткіземін. Бірақ, қай үйге кірсем де, жұрттың бәрі «Бақыт қонсын!», «Бақытты бол!», «Бақыт қайдасың?» деп іздеп жатады. Жаббар Хақ сені Адамға серік болсын, өміріне көрік болсын деп жаратты. Шиш пайғамбар алғаш үй салғанда төріне жайғасып едің. Ел - жұрт «Ат аунаған жерде түк қалады, қонақ отырған жерде құт қалады» деп, саған қол жеткізу үшін қонақ шақырып, мейман күтуге таласатын еді. Бірақ өмірде бақытты жандар да көп, бақытсыз бейбақтар да жетерлік. Сен әркімнің қолына түсе бермес ғайып құсы сияқтысың. Тұрағыңды айтшы, жарқыным?! Кімге қонасың, кімге бұйырмай кетіп қаласың? – дейді. Бақыт:
– Сұрағың орынды, Қызыр баба! – деп әдеппен тағзым етеді. – Мен, ең алдымен, ісінің берекесі жоқ, сөзінің келекесі көп адамға дарымаймын. Ата - анасын сыйламайтын, оларға қызмет қылып, жандарын қинамайтын надандармен жұлдызым қарсы. Есірік ұл мен кесапат қыздан, ата - енесін күтпеген келіннен алпыс қадам аулақ жүремін. Әсіресе, Аллаға зікір айтпайтын, иманын дұшпаннан қорымайтын, көрші ақысын жеуден қорықпайтын жандармен Құдай жолымды түйістірмесін деп күніне сан мәрте дұға қыламын, – депті. Қызыр ата тағы да:
– Ал қайда тұрақтайсың? Кімнің шаңырағына шаттық бересің, кімнің басына бақ болып бітесің? – деп сұрайды. Бақыт іркілместен:
– Менің ең жақсы көретінім – ата - анасына құрақ ұшып қызмет ететін, бірлік пен ынтымақты ырыс деп ұғатын жандар. Өзгені күндеуден, кісіні мінеуден аулақ момындарды іздеп жүрем. Алланың есімін жаттаған, адалдан басқа татпаған ақжүрек жандармен жылдам жұғысамын. Сахар тұрып, сәресі ішіп, ораза ұстайтын тақуамен тез тіл табысамын. Бейбітшілік пен берекені ту еткен кісілермен тіл қатыспай - ақ ұғысамын, – деген екен. Қызыр ата шаттанып:
– Ендеше сен қонған жанға мен де даримын, – дейді. «Бақ қонып, Қызыр дарыған» деген сөз осыдан қалған екен деседі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Үлкенді құрметте Салт - дәстүр сөйлейді: Үлкенді құрметте
Қазақта үлкенді құрметте, жол бер, көліктен түсіп сәлем бер деген әдеп - талаптары бар. Заманында Жүсіп пайғамбардың әкесі он ұлын ертіп, Мысырға
Салт - дәстүр сөйлейді: Қолға су құю Салт - дәстүр сөйлейді: Қолға су құю
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қолға су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз
Бақыт құсы Бақыт құсы
Бір күні ағайынды үш жігіт апанда отырған Бақытты көріпті. Ағайынды жігіттердің үлкені келіп Бақыттан ақша сұрапты.
Бақыттың тұрағы Бақыттың тұрағы
Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіріп: – Әй, Бақыт, мен ел ішін аралаймын, пенденің тілегін Құдайға жеткіземін.
Нағашыбек Қапалбекұлының батасы Нағашыбек Қапалбекұлының батасы
Ұлдарыңыз айбарлы болсын, Қыздарыңыз жайдарлы болсын! Үйлеріңе қызыр шалып, Әманда қыдыр қонсын!
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×