ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Бөкен баба деген екен...
15.04.2023 590 0 Admin

Шешендік сөздер: Бөкен баба деген екен...

Әңгімелер
Шешендік сөздер: Қыздарбай деген екен...
 ... Ел ішінде "Еламан елге теңелді, ешкі қойға теңелді" деген қанатты сөз бар. Бұл сөздің шығуы былай: Кіші жүз Байұлынын "бес қойыс" деген атасына жататын Еламан деген елеусіз, ескерусіз, ешкім елең қыла қоймайтын момақан ауыл болады. Осы ауылдың осындай жуас жағдайын білетін Бөкен би бір жолы шеркеш еліндегі бір мәслихаттан қайтып келе жатып, сол Еламан ауылына ат басын бұрады... Қасындағылары:
- Биеке - ау, өзі жарымай отырған кедей ауылға неге қонамыз дейсіз. Жағдайыңыз болмайды ғой, одандағы ілгерілеп барып байлау ауыл Қаракемпірге жетіп қонайық та, - дейді...
Сонда Бөкен баба:
- Ей, сендер менің не ойлап келе жатқанымды білмейсіңдер. Байлығы шалқыған бар ауылда болып жүрміз ғой. Мынау жоқ - жұқаналы Еламан ауылының бір еңсесін көтеріп, ел қатарына қосып кетейік те. Бұлар да бір атадан туған туыс ел ғой, - дейді...
Бөкен бидің осы сөзімен олар Еламан елінің Қыздарбай деген ақсақалының үйіне түседі. Қыздарбай оларға не соярын білмей асып - сасып қалады. Бөкен би оған:
- Саспа, - дейді. - Қыздарбай:- Ешкіден басқа соятын малдың реті болмай тұрғаны, - деп бар шынын айтады. Бөкен би:- Сол ешкіңді сойдағы, ауыл - аймағындағы ақсақалдарыңды түгел шақыр, - дейді. Қыздарбай сөйтіп, Еламандықтарға 3 - 4 жігітін шақырушы етіп жібереді. Олар:- Еламан еліне Бөкен би келіп, қонып жатыр. Сіздерді қонағасына шақырады, - деген хабар айтады. Бұл хабарды есіткен ауыл адамдары, көрші бай ауылдар:- Еламанды да елеп кісі түседі екен - ау оларға атақты Бөкен бидің қонақ болуы тегін емес. Қой, болмас, бізде сойысымызды ала барайық, құр қол барғанымыз ұят болар деп, біреуі тайын, біреуі танасын, енді біреуі қойларын, тоқты - торымын жетектеп жан - жақтан Еламан ауылына жұрт ағыла бастайды. Бәрі Бөкен биге, Қыздарбай бастаған Еламан ақсақалдарына сәлем беріп, тарту - таралғы, сойыс - соғымын тапсырысады. Бөкен би тағы да 2 - 3 күн жатып, Еламан елінің шежіресінен әңгіме шертеді.
Бұл елден шыққан игі жақсыларды, батырлар, ақын, би - шешендерді атап, елдің жаманы болмайды, әр елдің аруақты ардақтылары болған деп, олардың рухын көтере сөйлейді. Ертеңіне Бөкен би аттанып жол - жөнекей Жауғашты елін басып өте бергенде, ол ауылдың байлары оның шылауына оралып:
- Әдейі ат жібертіп алдыратын атамыз едің, аттан түсіп, қонақ болып аттаныңыз десе оларға Бөкен би:- Рахмет, Алла риза болсын. Мынау Еламаннан қой етін жеп әбден кекірігіміз азып келе жатыр. Еламанда кісі күтетін берекелі ел екен. 3 күндей тік тұрып күтті. "Еламан елге теңелді, ешкі қойға теңелді" деп ілгері жүре беріпті. Бөкен бабаның осы қанатты сөзін Қыздарбай ақсақал үнемі айтып, ұрпақтан - ұрпаққа таратыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Қарадос деген екен... Шешендік сөздер: Қарадос деген екен...
Кенесары хан бастаған азаттық көтерілісі кезінде Қарадостың ауыл - аймағы ерте көктемде көшіп, Сырдарияның мұзы түспей тұрғанда өтіп, Қарақұмға қарай
Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен... Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен...
Ертеде тау елін жайлаған Шөмекей елі жұтка ұшырап, қатты күйзеліпті. Елдің жағдайын көріп қиналған Қарадос шешен көршілес қарақалпақ елінің биі
Шешендік сөздер: Мінезің ауыр болсын Шешендік сөздер: Мінезің ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды
Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті. - Қай баласың? — дейді Шоң.
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан
Мінезің қара жерден ауыр болсын Мінезің қара жерден ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×