ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
22.05.2021 6 175 0 Admin

Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз

Бұл қызықты
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай - мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, жалаңбас тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан:
— Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! — дейді.
— Ағалайкумассалам, жайсаң мен қасқалар,
Кедейшілік ердің түсін басқалар.
Дүзде жүрсек батырмыз,
Үйде отырсақ қатынбыз,
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмыз.
Таудан үлкен талабым бар,
Ит ішпейтін шалабым бар,
Түссеңдер міне лашық,
Кетсеңдер жолдарың ашық! — депті Толыбай шешен.
Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапан беріп қасына ала жүрген екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына: – Ғалымтайыма қыз
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ
Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен.
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Бөлтірік шешен бір жазда Тезек төреге барады. Бөлтіріктің шешен, ділмәр ақын әрі батыр екенін сыртынан есітіп жүрген Тезек оны бар ықыласымен сыйлап,
Қасқа көл дауы Қасқа көл дауы
Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген келге талас, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші
Жеке батыр - Сәкен Сейфуллин Жеке батыр - Сәкен Сейфуллин
Болыпты баяғыда Жеке батыр.... Тау бағып жатады екен тігіп шатыр. Бір күні қарауылда қалғып кетіп, Сол батыр бүгінгеше ұйықтап жатыр.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×