ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Қарадос деген екен...
02.10.2022 731 0 Admin

Шешендік сөздер: Қарадос деген екен...

Әдебиет
Шешендік сөздер: Қарадос деген екен...
Кенесары хан бастаған азаттық көтерілісі кезінде Қарадостың ауыл - аймағы ерте көктемде көшіп, Сырдарияның мұзы түспей тұрғанда өтіп, Қарақұмға қарай бет алып конады. Бұл кезде Қарадос әбден қартайып, атқа біреу көтеріп мінгізіп, түсіріп, көш бойы атын біреу жетелеп отырады екен. Жаңа қонған Қарадос ауылының жылқысын Кенесарының сарбаздары айдап кетіпті. Ауыл адамдары жылқының артынан куып Кенесары сарбазына табандап бара алмай, шағымын Қарадосқа келіп айтады. Қарадос:
- Мені атка мінгізіп, атымды жетелеп, Кенесарының өзіне алып барыңдар, - дейді.
Кенесарының ордасына келсе, қарауылшылары ордаға жақын жібермейді. Қарадос оларға: - Ханға айт, мен аттан түсе алмаймын, түссем міне алмаймын, ат үстінде тұрып айтатын арызым бар, - дейді. Кенесары үйінен шығып, қартты көріп, сәлем беріп, арызын сұрайды. Қарадос: - Мен Абылайдың тұсында атқа шапқан бала едім, Қасым сұлтанның тұсында акыл айтқан дана едім, ал Кенесары сенің тұсында жылқысынан айырылып, жоқ қараған шал едім, - депті. Кенесары сарбазына бірден бұрылып: - Қарекеңнін жылқысын алдына салып беріңдер! - деп бұйырыпты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен... Шешендік сөздер: Қарадос шешен деген екен...
Ертеде тау елін жайлаған Шөмекей елі жұтка ұшырап, қатты күйзеліпті. Елдің жағдайын көріп қиналған Қарадос шешен көршілес қарақалпақ елінің биі
Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің Шешендік сөздер: Ел баласы екенсің
Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты.
Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды Шешендік сөздер: Әкем тірі, ағам ірі болды
Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті. - Қай баласың? — дейді Шоң.
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ
Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×