ойын сауық отауы
Грифтер. Грифондар
27.02.2021 960 0 Admin

Грифтер. Грифондар

Аңыздар

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Грифтер. Грифондар
Грифтердің (арыстан - құстардың) аримаспілермен толассыз күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбыжықтар» деп атайды. Осынау арыстан денелі құстар алтынды күзетеді. Олар жайында Плиний де бұлдыратып айтып, «аңызға айналған құстардың» қалқан құлақтары мен имек тұмсықтарын атап өтеді.
«Бұл елден (әңгіме Тұран жайында) қаскөй әрі залым халық тұратын Бактрияға саяхаттайды. Мұнда, құдды қойлар сияқты, жүн беретін ағаштар бар, содан мата жасайды.
Осы өлкеде біресе құрлықта, біресе суда өмір кешетін жартылай адам, жартылай жылқы «ипотамдар» (гиппопотамдар) жүреді. Олар ыңғайы келіп, қолына түсіп жатса, адам етімен қоректенеді. Сондай - ақ мұнда басқа жерлерге қарағанда әлдеқайда көп, қисапсыз арыстан - құстар (грифтер) мекендейді.
Біреулер олардың бас жағы бүркіттікі, ал төменгі денесі арыстандікі дейді. Онысы рас, алайда бұл құстың денесі сегіз арыстанды қосып есептегендіктен де үлкен, күші жүз бүркіттен де артығырақ. Әлбетте, арыстан - құс өзінің ұясына салт аттыны немесе егіске шыққанда қосарлап жегілген екі өгізді көтеріп әкете алады. Себебі, оның аяқтарындағы тырнақтары ғаламат зор, үлкендігі өгіздің денесіндей, бұл тырнақтардан сусын ішетін тостағандар, ал оның қабырғаларынан садақтар жасайды». 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Сфинкс Сфинкс
Сфинкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Сондықтан, сфинкс патша билігінің символы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді.
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Арыстан баптың Отырарға жерленуі Арыстан баптың Отырарға жерленуі
Арыстан бап Тұран даласына келгенде оны ешкім танымапты. Киімі тозып, алба - жұлбасы шыққан еді. Темір етігі теңгедей, темір аяғы тебендей болыпты.
Арыстан мен сары масалар - Спандияр Көбеев Арыстан мен сары масалар - Спандияр Көбеев
Батырды тұс-тұсынан алды қамап, Аяқ-қол, көзі-басын бірдей шағып, Не қыласын күшпен жеңер дұшпан емес, Жалғыз-ақ құйрығымен жатыр қағып. Ыза боп
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Арыстан Арыстан
Арыстан жұлдызында туылған жандар әрдайым көпшіліктің назарында болуды қалайды. Той - томалақ, думанды кештерде екі көзі күлімдеген, жайбарақат,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×