ойын сауық отауы
«Аң мәнері» туралы мифология
07.02.2021 2 226 0 Admin

«Аң мәнері» туралы мифология

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
«Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер шары халықтарының мәдениеті ортақ, барлық халықтың мәдениеті, әдебиеті мен өнері бір - бірін өзара байытады деген ойға келесің. Әлемдік мәдениеттің аса қызғылықты құбылысы – скифтердің «аң мәнері» - көрші халықтардың өміріне елеулі ықпал жасап, батыс елдеріне өтіп, еуропалық өнерде, фольклорда, әдебиетте көрініс тапты.
«Аң мәнерінің» басты жұмбағы – мифтік жануарлар, арыстан текті бүркіттер, қанатты бұғылар, Эдип патша мен қарапайым адамдарға сұрақ қоюшы дана сфинкстер. Жаратылыста беймәлім, құпия мақұлықтардың қисапсыз алтын һәм қола мүсіншілері нені аңғартуы мүмкін
Қанатты арыстандар мен ілбісіндер жылқылар мен бұғыларды шайнап жатқан суреттер скиф және сақ тайпаларының өзара теке-тіресін көрсетеді деген болжамдар айтылды. Егер осы пікір шын болса, бұл оқиғалар көне жылнамаларда көрініс табар еді. Айдаһардың атқа шабуылы ғұндар мен үйсіндердің бір - бірімен шайқасын білдіріп тұрғанын бағзы заман жазушылары жазып қалдырар еді. Өйткені, ғұн тәңірқұттарының туында айдаһар бейнеленген, ал ат – көшпелілердің басты қазынасы. Бірақ мұндай деректер, мысалы, Қытай жылнамаларында айтылмаған, Күлтегін мен Тоныкөк жайындағы ежелгі түркі мәтіндерінде, тіпті, ишара да жасалмайды. Сондықтан, тайпалар мен рулар арасындағы тайталас және оның «аң мәнерінде» көрініс табуы жөніндегі болжам расталмаған күйінде қалды.
Ендеше, алтын арыстан - құстардың (грифондардың), ертегі елесіндей мифтік мақлұхаттардың мүсіншелері нені таңбалаған? 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх
Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай? Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Бірінші құпия – келешекке құрған жоспар.
Өтірік өлең: Жануарлар туралы Өтірік өлең: Жануарлар туралы
Жануарлар бақшаға Жеміс жеуге келіпті. Суда өскен жүзімді, Жылқы мен есек теріпті.
Тіл, сөз өнері туралы қанатты сөздер Тіл, сөз өнері туралы қанатты сөздер
Тіл өнері – дертпен тең. (Абай) Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені. (Сәбит Мұқанов)
Адыгей және кабарды халықтарының мақал-мәтелдерінен Адыгей және кабарды халықтарының
Адыгей және кабарды халықтарының мақал-мәтелдерінен Орнын таппаған орынсыз қалар Сарқыт – сорлының сыбағасы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×