Құдайтану баяны: Әуелгіде
Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол яһудилер, христиандар мен мұсылмандар ұстанатын мүлде басқаша мазмұндағы Бір Құдай дінінде де қайталанады.
Інжілдің баяндауынша, бұл діннің негізін, туған жері Урды тастап, кейін Ханаанды мекен еткен Ибраһим салған. Бұл – шашамен б. д. д. ХХ - ХІХ ғасырларда болған оқиға. Тарихи жылнамалар бізде жоқ, бірақ ғалымдардың жобалауынша, Ибраһим б. д. д. үшінші мыңжылдықтың соңында Месопотамиядан Жерорта теңізі жағалауларына жеткен үш кезбе тайпаның бірінің көсемі болған. Месопотамиялық Жерорта теңізі жағалауларына жеткен үш кезбе тайпаның бірінің көмесі болған. Месопотамиялық және мысырлық абиру, апиру немесе хабиру халқы деп аталған бұл кезбелер батыс семит тілдерінде, соның ішінде көне еврей тілінде сөйлеген. Алайда бұл адамдар жыл мезгілдерінің ауысуына орай малдарын бір жерден екінші жерге айдап жүретін бәдеуилер сынды әдеттегі көшпелілер болмаған. Хабирулардың өмір сүру салтын анықтау мейілінші қиын, кезінде мұндай түсініксіз жағдай бұл халықты жергілікті билеушілермен жиі қақтығыстарға итермелеп отырған. Жалпы айтқанда, олардың даму деңгейі шөлейтті жердің әдепкі халықтарының мәдениетінен әлдеқайда жоғары болған. Кейбір хабирлар жалданып жұмыс істесе, екінші немесе қолөнерші болған. Кейбіреулері байлыққа қол жеткізген бойда жер телімін сатып алатын және отырықшылыққа көшетін, «Болмыс кітабына» сәйкес, Ибраһим қызметін Содом патшаның сарайында жалдамалы жауынгер болудан бастаған, оның ханаандық билеушілермен және көршілерімен бірнеше қақтығыстары болған. Жұбайы Сара өлген соң Ибраһим қазіргі Батыс Жағалау орналасқан Хевроннан жер сатып алады.
Ибраһим және оның жақын ұрпақтары туралы інжілдік хикаяларда Ханаанда, қазіргі Израилда еврейлердің үш ірі тайпасының орналассуына қатысты сілтемелер берілген. Алдымен (шамамен б. д. д. 1850 ж.) Ибраһим Хевронға келеді. Иммиграцияның екінші көші Ибраһимнің немересі Жақыппен байланыстырылады, кейін ол Израил деген жаңа ат алады (тік. ауд.: «Құдай оның құдіретін ашсын»). Ол Сихамға, Батыс Жағалаудағы қазіргі араб қаласы Наблусқа жайғасады. Інжілде айтылғандай, Жақыптың ұлдары, еврейлердің он екі тайпасының арғы аталары, Ханаанда жойқын ашаршылық болғандықтан, Мысырға жайғасады. Еврейлер көшінің үшінші толқыны шамамен б. д. д. 1200 ж. басталады, бұл кезде өздерін Ибраһимнің ұрпақтары санайтын тайпалар Мысырдан Ханаанға оралады. Олардың айтуынша, мысырлық құлдықтан оларды көсемдері Мұсаның Құдайы – Яхве құтқарған. Ханаанға жол тапқан бұл тайпалар жергілікті еврейлермен араласып, Израил халқы дүниеге келеді. Інжілдің нақтылауынша, көне израилдықтар деп аталған адамдар – Мұсаның Құдайы Яхвеге деген сенім біріктірген көптеген этностық топтардың одағы. Тәураттық кітаптар жүздеген жылдардан кейін, б. д. д. сегізінші ғасыр шамасында жазылғанмен, мейілінше ерте жазба дереккөздеріне негізделгені сөзсіз. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін»
Хойсан тілдерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу бұл топтың үш тәуелсіз тармақтан тұратынын көрсетті.
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Ораза және намаз уақыттарының кестесі
Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады.
Бұл жерде
Құлан да болған бұл жерде, Бұлан да болған бұл жерде. Құлан мен бұлан қалмастай Лаң да болған бұл жерде.
Абысындар
Бірінің жары өлген де, Бірінің жары хабарсыз. Сұрапыл басқа төнгенде, Кетіпті қара қағазсыз.