ойын сауық отауы
Күй аңызы: Ақжелең
11.03.2021 1 974 0 Admin

Күй аңызы: Ақжелең

Аңыздар
Күй аңызы: Ақжелең
Ұзақ Мырзабайұлы Құрманғазының ұстазы болған атақты домбырашы. Ұзақ – бұрынғы Бөкей хандығына (қазіргі Атырау, Орал - Жайық алқабына атағы жайылған дүлдүл күйші. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбаевтың ұстазы. Күйшінің өмірі жайлы деректер өте аз. Өмір сүрген кезеңімен алғанда ХVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысына келеді, - деп атап көрсеткен Ахмет Жұбанов өз еңбегінде.
Өзінің туып - өскен жері Жайық өзенінің шығыс жақ беті болғанымен, домбырашылық дәстүрде Ұзақ Бөкейлік жағына бейім болды (Өзі Алатауда туғанымен әншілік сүтін Көкшетау дәстүрінен еміп ауызданған Балуан Шолақ сияқты). Өмір тәжірибесі де, көрген - білгені де көп Ұзақ қайда жүрсе де қадірлі, сыйлы қонақ болды. Өзі күй шығаруды машық етпегеннен бе, Ұзақтың атымен байланысты күй бізге бірен - саран болып қана жетіп жүр. Бірақ өзінің аса қабілетті орындаушылығы және сол өңірдің күй қорының көпшілігін меңгергені арқасында Ұзақ күй жарысында жүлдені басқаларға бере қоймайтын.
Міне, осы Ұзақ қарт өзінің бір сапарында Сағырбай қоңсы қонып отырған баяғы Шағбала байдың ауылына келеді. Әдетше байды, барды сағаламайтын Ұзақтың ат маңдайы Сағырбайдың қоңыр үйіне келіп тіреледі. Қонақуар Алқа барынша Ұзақты күтеді, сыйлайды, «барым әзір, жоқ жәй» көрсетеді. Күй кешіне жиналған халық Сағырбайдың төрт қанат үйінің «аузы - мұрнынан» шығады. Таң саз беріп атқанша Ұзақтың күйі таусылмайды. Бірінің артынан бірі түйдектеліп небір әсем күйлер кетіп жатады. Күйдің басында, орта жеріне ауызша түсінік беріп, аяғында «осылай болыпты» деп қорытқан сан түрлі, сан мазмұнды күйлер тыңдаушы халықты балқытады. Ақылдының сөзіндей ойлы күйлер үзік, түндегі жұлдыздай болып шұрқ - шұрқ үйге жел соғып тұрғанын да тыңдаушыларға байқатпайды. Күй кеші – көңіл кешіне айналып, күндіз байдың малын баққан, шөбін шапқан, малын сауған еңбек адамдарының бейнет басқан еңселерін бір көтеріп тастайды. Шалдар басын шайқап, кемпірлер ауыздарын сылп еткізіп, өздерінің ризалықтарын, таң - тамаша қалғандарын әрқайсысы өз бойында бар сезімдерімен білдіреді.
... Осы бір көпшіліктің ішінде артықша ықыласпен тыңдап отырған, қаққан, басқан қолдарына бірдей қарап көзін айырмай, күйлердің ара - арасындағы әңгімелерді ауызының суы құрып тыңдап, күйшінің бір қозғалысын қалт жібермей аңдып отырған бала жігіт Құрманғазыға Ұзақтың қырағы көзі түседі. Ауыл адамдары тарқап, өзді - өзі қалған кезде Ұзақ Құрманғазыға домбыра тарттырады. Жас талапкер Ұзақтың өз «Ақжелеңін» бір тартқаннан қағып алып, бұлжытпай қайта орындап береді. Өзінің жорамалы жөнге келгенге қуанған Ұзақ Құрманғазыға ақыл айтады, оның домбырашылығының болашағы айтарлықтай мол екендігін баяндайды...

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз 36 - қадам: кешіре біліңіз – бақытты өмір сүресіз
Бақытты ұзақ өмір сүргің келеді ме? Онда кешіруді, түсінуді, үндемеуді, керек жерінде айтуды және жай ғана сүюді үйрен!.
Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем
... Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді
Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев Сағындым, жайық - Жұбан Молдағалиев
Сағындым сені, Жайық, алма бақты, Өткізгем өз бойыңда жастық шақты. Сүюші ем төңкерілген толқыныңды. Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.
Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер
Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен. Сүймеген адамына айттырып, қоспақшы болған соң, Төремұрат
Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Томас Эдиссон Томас Эдиссон
Бірде Томас Эдисон үйіне келіп, анасына ұстазы жазып берген хатты ұстатады. Анасы көзіне жас алып, баласына хатты дауыстап оқып береді:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×