ойын сауық отауы
Күй аңызы: Майдажал
12.04.2021 864 0 Admin

Күй аңызы: Майдажал

Аңыздар
Күй аңызы: Майдажал
... Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады. Қаз мойынды жүйрігі, жол жұмсатар жорғасы жоқ. Барға бағымы, малға қыры жоқ адам»,— деседі екен қариялар Қазанғап туралы. Қариялардың айтқанына іштей күйінген, әрі алдына жан салмас жорға мен жүйрікті армандаған Қазанғап уайымдайды да қояды екен. Сөйтіп жүргенде бір күні оған «Ел мені мал танымайды деп сөгеді. Мал танитындарды әкеп таңдатайын, қалың жылқының ішінен бірі болмаса, бірі табылар» деген ой келеді де, ат таниды - ау деген білгіш атаулыны ертіп кеп, жылқысын жиып бір - бірден көрсетеді. Бірақ қанша адамға көрсетсе де, жорға мен жүйрік шықпайды. Қазанғап шынымен - ақ жорға мен жүйрікті маңдайыма жазбаған екен деп, торығып отырған бір күні ауылға жалбыр шапанды жігіт келе қалады. Бай үйінен орта құрсақ тамақ ішкен жігіт бай әдейілеп сұрамаған соң, нендей шаруамен келгенін де, қайдан келгенін де айтпайды. Тысқа шыққан баймен ере шығып желі басына барады. Мама бие, жалды айғырлар мен желідегі құлындарға тесіле қарап тұрған жігіт бір мезетте байдан бөлініп шығып, желінің орта шенінде байлаулы тұрған сары құлынның қасына барып, ар жақ, бергі жағына шығып, көп қарайды да, байдың қасына келеді. Жалбыр шапанды жігіттің бұл әрекетіне таңданған бай одан құлынға неге қарағанын сұрайды. Сонда жігіт: «Жорғаның жорғасы болатын жануар екен»,- дейді. Бай қуанып кетеді де, жігітті үйіне ертіп келеді, қойын сойып құрметті қонағы болдырады, құлынның жорға болатын қандай белгілері барын, күту жолдарын сұрайды. Жігіт барлығын да асықпай отырып айтып береді. Бай сары құлынды сол күннен бастап жігіттің айтуы бойынша баптап бағады. Сары құлын тай болғанда майда жалы жер сызады, құнанынан бастап, өле - өлгеніне дейін алдына шаң түсірмеген жорға болады. Қазанғап жорғасын «Майдажал» атайды. Майдажалдың жорғалауына таңданған домбырашы оны мақтап осы күйді шығарады.
 
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Алмажай Күй аңызы: Алмажай
Алмажай – Абылайдың жүйрік аты екен. Бірде, сол Алмажаймен шауып келе жатып, мақтанып айтты дейді, менің Алмажайымдай ат бар ма.
Күй аңызы: Сары өзен Күй аңызы: Сары өзен
Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Әженің жыры Әженің жыры
Шанаға жектім шал жорға, жарқылдайды тағасы. Жарқылдаған жағасы мынау кімнің баласы?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×