ойын сауық отауы
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
06.03.2019 2 073 0 Дауыл

Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
ҚАСҚЫР МЕНЕН МЫСЫҚ - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып,
Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып,
Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан,
Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Батырды бәрі бірдей қуысады,
Жүйрік ит, аттары да жуыспады.
Із тастап олай - бұлай бұлтақ - солтақ,
Қасқыр да бір ауылға жуықтады.
Ауылға келіп кірді жаны шығып
Көңілі жасырынбақ бой таса қып,
Көре алмады ешбір жанды жөн сұрайтын,
Сөз салды бір мысыққа тұрған жуық.
— Нысаным, көп сөйлеуге уақытым жоқ,
Артымнан келе жатыр дұшпан қуып,
Ізгі адам бұл ауылда қай жерде бар,
Тұрар ем аңшы еткенше бой таса қып.
— Батыр - ай, халың тіпті жаман екен
Бұл ауыл бәрі де сақ жатқан бекем,
Ән жерде Тұяқ деген біреу бар ед,
Сол аяп, сұрап қара, тықпас па екен.
— Мысым - ау, Тұяқ мені не жуытсын,
Былтырдан жүрген маған қайрап тісің
Алты аласы, бес бересі болмаса да,
Қызығып жеп қойып ем бір тоқтысын.
— Ендеше ән жердегі Бақайға бар,
Ол саған жасырынсаң орын табар,
Мекен қып бұл ауылды көптен жүрмін,
Шықпап ед жамандаған ешбір хабар.
— Бақайды айта керме ауызға алып,
Рақат көре алмаспын оған барып.
Жазды күн оңашада кез болған соң,
Жазықсыз бір бұзауға кеткем жарып.
— Болмаса ол екеуі Құлақ та тұр,
Кісі еді тәуір деген ауылда бір,
Ол сені қайтсе дағы жасырады,
Батырым, шапшаңырақ сұранып көр.
— Қорқамын Құлакеңнің есімінен
Қарауға батылым жоқ есігінен.
Ашығып жүрген кезде жолыққан саң,
Жылқыда бір құлынын және жегем.
— Ендеше, не жан сауға сұрап келдің?
Батыр - ау, білмеймісің қалпын елдің,
Әркімге аз болса да зиян салып,
Қойыпсың үй басына осы жердің,
Бар ісің қалпында боп білсең қайтар,
Жауыздың жамандығын жақсы байқар,
«Не сепсең, соны орарсың» деген мақал
Сөзім жоқ бұдан басқа саған айтар.

Өтірікші - Спандияр Көбеев Өтірікші - Спандияр Көбеев
Бұл кезде атқа мінген жігіттердің, Білмеймін шаһар халқын қырдағы елдің, Жанымен пар өтірік бір қыссасы Кім біледі қашан барып түзелерін.
Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев
Жиылып күшін қосып біраз аңдар, Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар, Өлтіріп бір аюды жалаң жерде Әрқайсысы бет - бетімен талады олар.
Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев Шортан менен мысық - Спандияр Көбеев
Қолыңнан келмес іске етпе талап, Шықпассың оныменен іске жарап, Мысалды ғибраттар толып жатыр, Түсініп пайдаланса халық бірақ.
Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев Қасқыр менен қозы - Спандияр Көбеев
Арамдап әй, ақмақ, аузың, малып. Сөзіңе құлақ қоймас болса жаман, Жақындап бері келші маған таман, Суымды әдейі келген бүлдіргенде, Не қылсам болады
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
Қасқырдың есітуге аты жаман, Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман, Түзеліп лауахазда кісі болмас, Шыққаннан дүниеге болса надан.
Қасқыр мен мысық Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×