Тәңірге құрбандық шалу. «Алтын адам» кім?
Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Тәңірге құрбандық шалу. «Алтын адам» кім?
Қазіргі уақытта Есіктің «Алтын адамы» кім болған деген сұрақ кімді болсын толғандырмай қоймайды. Ол жалғыз жерленген, қасына тіпті әдеттегідей жануарлар да көмілмеген, тек салт - жоралғылық заттар, қарулар мен ыдыстар, соның ішінде сына жазумен өрнектелген тостаған бар. Бүкіл киімі алтынмен апталған. Осыған қарап, киімі рәсім өткізуге арналған емес пе екен деген ой келеді. Әйтпесе, жайшылықта адамдар осыншама алтынға малынып жүрмейді ғой.
Сонымен, Есік обасының «алтын адамы» кім?
Бұл – сақ жауынгері, он жеті - он сегіздердегі жас жігіт. Жігіт басына биік шошақ бас киім киген. Оның айналасы Жоғарғы Әлемнің белгісі болып табылатын рәміздер – аңдардың, таулардың, ағаштардың суреттері өрнектелген алтын жапсырмалармен зерленіпті. Осынау әсем бас киімнің маңдай бөлігі ешкі мүйізді, қанатты және арқаларынан төрт алтын жебе өсіп тұрған екі алтын атпен әшекейленген.
«алтын адамның» мойнында жиектерінде барыстың бастары бедерленген алтын алқа бар. Үстіне үш мыңға жуық алтын салпыншақ жапсырылған қызыл былғары шекпен киген. Беліне алтын әшекейлермен зерленген жалпақ былғары белбеу таққан, оң жағында – ұзын темір семсер, сол жағында алтын зерлі қанжар.
Сонымен, бұл жас жігіт көсем, не болмаса көсемнің ұлы.
Берел обасы – отбасылық қабір, онда көсем мен оның бәйбішесі немесе шешесі бірге жерленген. Ал Есік обасы – жалғыз адамдық қабір. Мұнда басқалардағыдай жануарлардың сүйектері табылмады. Берелде көсем немесе ірі әскербасы жерленгендігі еш күмәнсіз. Оның үстіне бас сүйегінің шайқаста не жекпе - жекте күл - паршасы шыққанын анық байқауға болады. «алтын адамның» қалай дүние салғанын, ұрыста қаза тапқанын немесе ауырып өлгенін айыру мүмкін емес, өйткені одан қалған қаңқа сүйектер тым аз. Тек ерекше назар аудартатын екі жайт бар:
«Алтын адамның» өте жастығы және киген киімінің айрықша салтанаттылығы мен қымбаттығы.
«алтын адамның» шекпенін қарастырайық. Бірнеше мың алтын әшекейлерден тұратын мұндай киімді қысқа мерзімде дайындау мүмкін емес. Еге қаза күтпеген жерден келсе, оның күнделікті өмірде мұндай киіммен жүрмейтінін ескерсек, онда ол өлгеннен кейін жасандырған барлық алтын заттарды жерлеу рәсіміне дейінгі үш - төрт күн аралығында дайындап шығу әсте бос қиял. Демек, «Алтын адамның» жерленетін киімін сақ зергерлері күні бұрын дайындаған және алтын киіммен жерлену тиіс екенін біреу білген. Яғни әлдебір жас адамның осындай киіммен қабірге салынатыны жайында тек бір адам – тайпа көсемі ғана білуі мүмкін. Бұлай деп пайымдауға мынадай себептеріміз бар.
Әміршінің ұлын құрбандыққа шалу – көптеген көне халықтарда бар ғұрып. «Аңыз бойынша, швед королі аун өзінің тоғыз ұлын один құдайына құрбандыққа шалған. Екі ұлын құрбан шалғаннан кейін король Құдайдан жауап алады: оның ғұмыры әрбір тоғыз жыл сайын бір ұлдан құрбан шалып тұрғанға дейін жетеді екен. Жетінші ұлды құрбан шалатын уақытта аунның әлсірегені сондай, оны серуенге көтеріп шығарып жүреді. Тоғызыншы ұлдың өлімінен соң, бір жасар нәресте сияқты, корольді тоғыз жыл бойы қолдан тамақтандырады. Ол енді соңғы ұлды құрбан шалмақ болады, алайда бұл тілегі жүзеге аспайды, оған қол астындағы халық кедергі жасайды. Сөйтіп Аун өледі. Оны Упсаладғы әулеттік қорымға жерлейді».
Үлкен ұлды құрбандыққа шалу дәстүрімен байланысты алтын жүнді қошқар жайындағы аңыз бар.
Алос қаласын атамант есімді патша билеген. Оның бірінші әйелі Нефеладан екі баласы: ұлы Фрикс пен қызы Гелла болыпты. Патша екінші рет Ино деген әйелге үйленеді. Өгей шеше өзінен тумаған балаларды суқаны сүймейді. Тек өз баласын тақ мұрагері ету үшін ол өгей балалардың көзін құртуға бекінеді... сөйтіп, бидай егісі алдында әйелдерді тұқымдық дәнді қуырып қоюға үгіттейді. Олар мұның айтқанын істейді. Қуырылған бидай шықпай, халық өнім ала алмай, елде аштық басталады. Патша дельфилік сәуегейге жұттың себебін білуге кісі аттандырады. Қайтып келе жатқан жаушыны Ино алдап - сулап айтқанына көндіреді. Жаушы абыздың жорамалын сұрқия әйелдің жауабымен ауыстырып, «Атамант бірінші некеден туған балаларын құрбандыққа шалмайынша, ашаршылық тоқтамайды» деген хабар жеткізеді. Жауапты ести сала, Атамант қой бағып жүрген балаларын алып келуге әмір береді. Бірақ қой ішіндегі алтын жүнді қошқарға адамша тіл бітіп, Фрикс пен Гелланы өздеріне төнген қауіптен сақтандырады. Олар қошқардың арқасына отырып, ел кезіп ұша жөнеледі. Теңіздің үстінен өтіп бара жатқан кезде Гелла биіктен қорқып, басы айналып, суға құлап кетеді. Фрикс Колхидаға жетеді. Мұнда ол патшаның қызына үйленеді. Өзін құтқарғаны үші Зевс құдайға алтын жүнді қошқарды құрбандыққа шалады, алтын жүнді терісін патша қайын атасына тарту етеді. Ол оны қасиетті Арес тоғайында еменге қақтырып, күні - түні айдаһарға күзеттіріп қояды.
Көріп отырғанымыздай, екі жағдайда да әңгіме тақ жолындағы құпия тартысқа тіреледі. Біріншісінде, патша - әке өз ұлдарына билікті бергісі келмей, әртүрлі ізгілікті ниетті сылтау етіп, ұлдарын бірінен соң бірін құрбандыққа шалады. Екіншісінде, өгей шеше патшалық биліктің заңды мұрагерлерінің көзін жою ға тырысады. Осы оқиға желісі Пушкиннің «Салтан патша туралы ертігісінде» қайталанған...
Адамды құрбанға шалу ғұрпы скифтер, сақтар, фракиялықтар мен дактарда ғана емес, бағзыдағы басқа да көптеген халықтарда болған. Мұндай рәсім Америка құрлығында ацтектер мен майялар, семиттерде де қолданылған. Осынау киелі құрбандар бүкіл ел мен халықты жау шапқыншылығынан, келешектегі ғаламат апаттардан құтқарудың өтемі болған. Бірақ уақыт өте келе құрбандыққа адам шалу адамзат қоғамына қайшы деп танылып, жануарлар шалына бастады.
Бірақ нақ сол антикалық мифологиядан тағы бір білетін жайт бар. Аркадия патшасы Лаокоон мен оның елу ұлының арамзалығы жайындағы сыбысты тексермекші болған Зевс олардың үйіне дуана кейпінде келеді. Лаокоон мейманның Құдай тектілігін сезіп, соны тексеру үшін оған өз ұлының етін тартады... Қаһарланған Зевс дастарқанды төңкеріп бастап, Лаокоонды ұлдарымен қоса жай оғымен жайратады.
Құрбанға адам шалу жорасы – көне салт. Нақ осы мифтің басқа нұсқасында, Зевстің қатты қаһарланғаны соншалық, ол жер бетін адамды құрбан шалу зұлматынан тазарту үшін топан су қаптатады. Сонымен, «Алтын адамның» кім болғандығы жайындағы біздің мәліметтеріміз тым аз: ұрбанға шалынған көсемнің ұлы ма, әлде басқа ма – анығы белгісіз. Бұл сұраққа біз қазір тұжырымды жауап бере алмаймыз.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Алматы. Қасым Аманжолов
Жақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам. Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған. Келдім сені сағынып, Алтын ұям - Алматым.
Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Алтын заман
Жайнатқан тау мен даланы, Көркейткен. Ауыл, қаланы, Әлпештеп қолы аялы, Бақытты еткен баланы,
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Алтын адам
Алтын адам, Алтын адам... Адам жоқ! Алтын қалған жарқыраған. Білмейміз саудагер ме, қол басы ма? Сараң ба, алтын үшін қалтыраған?