ойын сауық отауы
Күй аңызы: Қарқарау
18.09.2021 542 0 Admin

Күй аңызы: Қарқарау

Аңыздар
Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған жетім қыз бен оның анасының зарлағаны бейнеленеді. Осы күйдің көне әңгімесі домбыра шанағынан ақтарыла келіп, «Үш Қарқара, Көктөбе, енді бізге жоқ төбе» деген халық өлеңімен өріледі. Күйге аты негіз болған атақты Қарқара жайлауы ертеде қалмаққа қараған екен дейді. Кейін оны қазақ алған. Сонда жерін қимай жылаған қалмақтың жыры еді деген аңыз бар. Атақты Райымбек батыр туралы хикаяда Қарқара жайлауындағы сұрапыл соғыс туралы тарихи деректер кездеседі. Райымбектің қолы жауды қуғанда қалмақтар туған жерін қимай мынадай жыр айтыпты деседі: 
Хош, Таушелек, Жалаңаш,
Түңілді ханың Ағанас.
Райымбек тұрғанда,
Біздікі болмас мал мен бас 
Үш Қарқара, Көктөбе,
Енді бізге жоқ төбе.
Бұрын Бұрхан жақсы еді,
Болды ма енді өкпелі?!
Ежелгі жау ел болмас,
Етектен кессе жең болмас.
Ежен хан берсе Текесті,
Қарқарадан кем болмас. 
Көмірші мен Темірлік,
Берік еді ордамыз.
Біз қазақты шапқанда,
Еркін еді олжамыз.
Райымбек келгенде,
Таба алмадық қорғаныс.
Елін тастап қашты ғой,
 Қарсыласпай хан Арыс.

Қазақ - қалмақ соғысы, шапқыншылық, тартысқа түскен Қарқара жайлауы туралы дерек Бұқар жыраудың өлеңінде де бар:
Ханның жақсы болмағы -
Қарашаның елдігі.
Қараша халық сыйласа,
Алтыннан болар белдігі.
Кіші қара қалмақ бүлерде,
Бозылардың билігі,
Бұлт бұрқан болысты,
Уағдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті,
Бірін - бірі күндесті.
Жаулаған ханын қара оңбас,
Хан қисайса - бәрі оңбас,
Ханын қалмақ жаулаған,
Сүйткен қалмақ оңбаған.
Сол қалмақтың жұрты еді - ау,
Үш Қарқара, Көктөбе.
 Ит те ұлып қалмаған.

Яғни, бұл күйді жеткізуші Бапыш болғанмен, оның аңызы әріректе. Төлеген күйді атасынан үйренген, солай бола тұрса да, ол өз жанынан жаңаша көркем ой, керім шертіс қосып түрлендіре орындағаны аңғарылады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Кеңес Күй аңызы: Кеңес
«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз.
Күй аңызы: Сары өзен Күй аңызы: Сары өзен
Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның
Отан туралы мақал - мәтелдер жинағы Отан туралы мақал - мәтелдер жинағы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Әке туралы мақал - мәтелдер Әке туралы мақал - мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Зарина. Қазақ тарихындағы әйелдер Зарина. Қазақ тарихындағы әйелдер
Зарина – сақ билеушісінің қызы, кейіннен сақ патшайымы. Сығанақ қаласының маңындағы Роксанаки қаласында қырық қыздан тұратын өз әскерін жасақтаған.
Жалғыздық туралы мақал мәтелдер Жалғыздық туралы мақал мәтелдер
Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×