ойын сауық отауы
Күй аңызы: Кеңес
20.05.2025 6 464 0 Admin

Күй аңызы: Кеңес

Аңыздар
Күй аңызы: Кеңес
«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз. Ғұндардың арғы ата - бабасы Шоң би заманынан бастап үш мың жылдық көшпелілер тарихында ру - тайпа көсемдерін кеңесте сайлаған. Ең маңызды мәселелерді кеңесіп отырып шешкен. Бұған Моде тәңір құтының «жүйрік аты» туралы аңызы, Түрік қағанаты көсемдерінің кеңестері, Қазақ хандарының кеңесі, «үш би кеңесі» атанған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би кеңесі т. б толып жатқан тарихи мәні зор кеңестер мысал болады. Көне күйлердің аттарын жайдан жай қоя салмайды. Оның төркінінде тарих ізі сайрап жатқанын көреміз. «Кеңес» деп аталатын күйлердің халық күйшілерінің жадында сақталған ондаған түрі кездеседі. Күйлердің нұсқалары бір - біріне ұқсамайды. Бұл күйлер сыбызғы мен домбырада көбірек тартылады.
Барлық өңірге тараған «Кеңес» деген күй топтамасының көптеген нұсқаларында күйді шығарушы, орындаушы ел ағасы билер, батырлар, хандар (Мөңке би, Абылай хан, Бейсембі би, Қожеке т. б) болып келеді. Бұл күй үлкен жиында, тарихи оқиғалардың шиеленіскен кезінде тартылған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Жаяу делдал Күй аңызы: Жаяу делдал
Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының назды қоңыр үнін ести - ести жылқылары да сыбызғы дауысына әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда
Қазақ әдебиеті әлемінен Қазақ әдебиеті әлемінен
«Ақбала мен боздақ» – көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын айтыс, бірін - бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың
Күй аңызы: Қаратау шертпесі Күй аңызы: Қаратау шертпесі
«Қаратау шертпелерінің» мазмұны домбыра ұстаған кездегі алғашқы шабыт шақыру сәтінің көріністері.
Күй аңызы: Терісқақпай Күй аңызы: Терісқақпай
Әлшекейдің күйі. Аңызы былай баяндалады: ... Қоңыраттың Құйысқансыз деген ауылында жесір дауы болыпты. Дауды Нұржан деген қыңыр би теріс шешеді.
Күй аңызы: Қарқарау Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған
Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл Шығыс гороскоп жорамалы 2020 жыл
Жаңа жылдан жақсылық, бір жаңалық болатындай күтеміз. Ересек болып кетсек те жаңа жылдың ғажайыпқа толы сыйы болатынына бәріміз сенеміз. Бүгін шығыс
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×