ойын сауық отауы
Зарина. Қазақ тарихындағы әйелдер
08.04.2017 5 898 0 Дауыл

Зарина. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Зарина
Сақ патшайымдары туралы айтқанда, Томиристен кейін Зарина (558 - 518 жж. б. д. д.) есімі аталады.
Зарина – сақ билеушісінің қызы, кейіннен сақ патшайымы.
Сығанақ қаласының маңындағы Роксанаки қаласында қырық қыздан тұратын өз әскерін жасақтаған. Кей еңбектерде Заринаны «амазонға» қыздар жасағын басқарған деген дерек бар. Алайда Зарина патшайым мен «амазонкалар» жөнінде жазылған зерттеу еңбектердің, жинақтардың барлығын салыстыра келгенде, ол екеуінің мүлде екі басқа екендігіне көз жеткіземіз.
Грек тарихшысы Ктесийдің, Геродоттың жазбаларында сақ тайпалары қыздарының батыл, өжет келетіндігі жазылған. Тіпті, садақ ату, қылыштасу, найза лақтыру тәрізді әскери дағдыларды меңгермеген сақ қыздары тұрмысқа шықпайтын болған деген деректі бір емес, бірнеше дереккөздерден кездестіреміз. Соғыс кезінде әйелдер бүкіл отбасын, тіпті соғыстағы жауынгерлерді де аң аулап асырайтын болған екен.
Әдетте, сақтардың басты жауы – парсылар. Заринаның да есімі парсы халқының есіміне байланысты аталады. Оның Мидия ханзадасы Стриагейді кездестіруі туралы бірнеше нұсқа бар. Бірінде Зарина аң аулап жүріп алысқа ұзап кеткенін білмей қалып, парсы жауынгерлеріне кездесіп қалады. Ал енді бірінде құрбысын тұтқыннан босатып алуға барады. Екеуінде де Заринаның басындағы дулығасы шешіліп кетіп, оның сұлу көркіне ханзада Стриангей ғашық болып қалады. Екеуінің махаббаты арқасында екі ел арасында мамыражай тыныштық орнайды. Кейіннен ханзада адал махаббатымыздың белгісі болсын, екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық, қосылайық, - дейді. Ақылға жеңдірген Зарина бір жыл уақыттан кейін жауабын айтпақшы болып қалады. Бір жылдан соң межелі уақыт жеткенде екі елдің әскері бетпе - бет кездеседі. Заринаның басына патшалық тәжін киіп келгенін көрген ханзада оның ішкі ойын бірден біле қояды. Айтқандай - ақ, Зарина:
- Армысың, сүйіктім! Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Оның себебі, екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Менімен қоса, артымдағы елім де саған бағынышты болады. Мен сүйгеніме қосылып, бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айырылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. Қош, сүйіктім!
Дәл осылай сөйлеп тұрып, Заринаның көзінен жас та тамып кетеді. Ханзада да мұңға батып, басын төмен салады. Екеуі:
- Қош!
- Қош! – десіп, бірін - бірі қимай, амалсыз жөндеріне кетіседі.
Осылайша, Зарина патшайым өзінің бақытын елінің бақыты үшін құрбандыққа шала біледі. Талай - талай қазақ қыздарына ел намысын жоғары ұстаған Занинаның ерлігі үлгі болады.
Зарина туралы деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор, Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады.
Сақ тайпасын басқарған патша Зарина өзінің батылдығын, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» атты кітапта Заринаның ел тарихындағы орны анық көрсетілген. «Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған.... Зарина тағдырына байланысты туған «Зарина және Стриангия» деген жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаһармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел - жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В. Н. Татищев (1686 - 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сол алтыннан жасалған ескерткіші жайлы дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі «Қырық қыз», «Баршын қыз» сияқты жыр - дастандар мазмұнына келіп ұласады».

Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер Рәбия Сұлтан бегім. Қазақ тарихындағы әйелдер
Рәбия Сұлтан бегім шамамен 1430-1495 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Ұлықбек хакімнің қызы, Әмір Темірдің немересі. Самарқанд қаласында жан-жақты
Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қойсана ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қойсана – Тарақты Байғозы батырдың қызы. Қазақ-жоңғар соғысындағы белгілі қолбасшы Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы болады.
Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Ақтолыс ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есімі ел аузында сақталған көріпкел және емші. Есім ханның замандасы Жарылқамыс батырдың інісі Жалаңның зайыбы.
Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Белең ана – Жошының екінші қызы. Оны қарахандар әулетінен шыққан, Тараз бен Қашқарды билеуші Арыстан ханға ұзатқан. Шыңғыс ханның мұндағы мақсаты
Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Сыланды ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сыланды ана – Жұпар ананың сіңлісі. Шын аты – Қарашаш. Үнемі сәнденіп, салтанатпен жүретін кербез жан болғандықтан, ел оны «Сыланды келін» деп атап
Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Марау ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Марау ана (Сары бәйбіше) – Бәйдібек бидің бірінші әйелі. Арыстан бидің қызы. Марау анадан туған он ұлдан тек Байтоқты деген жалғыз баласы ғана аман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×