ойын сауық отауы
Діни жоралғыларда құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі қажет
31.10.2021 689 0 Admin

Діни жоралғыларда құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі қажет

Аңыздар
Уақытыңды басқар
Діни жоралғыларда құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі қажет
Бұған дейін аталған аятты қамари жыл санауға негізделген күнтізбе қолдану керектігін көрсетуші мағынасында ғана емес, басқа түрлі күнтізбе пайдалануға салынған тыйым ретінде де түсінуге болады. Аяттағы «бұл айларда өз - өздеріңе қиянат жасамаңдар» сөйлемін астарлы мағынада «қаиетті айлар жөнінде, оларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы өз - өздеріңе қиянат жасамаңдар» деп түснуге де болады. Осылайша аяттың мағынасынан ең кемінде діни мәселелерде басқа күнтізбе қолдануға тыйым салынғандығын ұғына аламыз. Тіпті олай өзгерту адамның өз - өзіне жасалған зұлымдық ретінде сипатталған. Тағы бір келтіре кететін аятта «нәсий» деп аталған қамари жыл санауын мазаққа айналдырып, діни мәселелерде күн санауын қолдануды негізге алған надандық дәуіріне тиесілі әдетті «күпірлікте шектен шығу» деп суреттеген: «Нәсий (яғни, қасиетті айларды кейінге шегеру) әдеті – күпірлікте шектен шығу, одан басқа иүкте емес. Күпірлік қылғандар солай істеу арқылы адасқан үстіне адасуда. Сөйтіп, олар Алланың (дау - дамайды, соғысуды харам еткен) қасиетті айларының санын толтырып, Алланың харам қылғанын өздеріне адал етіп алу үшін қасиетті айлардың бірін бір жылы жай айға жатқызса, келесі жылы қайтадан қасиетті айға жатқызады. Олардың мұндай сорақы қылықтары (шайтан тарапынан) «безендіріліп» өздеріне сондай керемет істей көрсетілді. Алла (ондай күпірлікте табандаған) кәпір қауымды әсте тура жолға салмайды».
Сондықтан діннің әмірлерін орындауда басқа күнтізбе қолдануға Құранда тыйым салынған. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құранда аталған уақыт түрлері Құранда аталған уақыт түрлері
Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның
Нан қиқымының шарапаты Нан қиқымының шарапаты
Діни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Әлбетте, қазақ халқы құрала бастағаннан бері айлардың төрт жүйесі қолданылған. Олар: тоғыс айлар, зодиак айлары, азаматтық айлар және араб айлары.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор: сенімсіздік Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
7. Сенімсіздік Уақытты ұрлаушы факторлардың санатындағы ең соңғысы – сенімсіздік және соған байланысты туындаған жұмысты кейінге қалдыру әдеті.
Жаздық шинаны қыстық шинаға қашан ауыстыру қажет? Жаздық шинаны қыстық шинаға қашан ауыстыру қажет?
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қыс мезгіліндегі машина дөңгелегін жаздық шинадан қыстық шинаға қашан ауыстыру туралы айтты.
1 Сәуір – Күлкі күні 1 Сәуір – Күлкі күні
1 сәуір - Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×