ойын сауық отауы
Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында
07.09.2022 305 0 Admin

Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында
Сонау - сонау соны меңіреу заманда, арғы - арғы, аңғырт тұйық алаңда, ертеден де ертеде, астан - кестен аунаған лай теңіздің ішінде жұмыртқадай жұмыр малта тас жүзіп келе жатыпты. Жалғыз жаратушы Жасаған бұл тасқа бар ынтасымен, мейірімімен таңырқай қарапты. Қолына алып байқаса, оң беті оттай қызыл, астар беті судай мөлдір, таңғажайып тамаша тас екен. Жасаған өзінің шебер қолымен малта тасты қоспасынан (қосылған жерінен) қақ жарыпты. Сол сәтте екіге айырылған жұмыртқадай жұмыр тастың тең жартысы отқа, тең жартысы суға айналыпты да, от пен су қайта қосылып, буырқана қайнапты. Одан көтерілген будан Көк Аспан пайда болыпты, ал тандыр сияқты қатты қабыршағынан Қара Жер жаралыпты.
Ең алғашында, Жер де, Көк те тым кішкене – әуе айнадай, жер тебінгідей ғана болған екен. Осыдан соң Жер мен Көк Аспанның көлемі ұлғайып, жоғарыға көтеріле беріпті де, Қара Жер қатайып, қалыңдап, салмағы ауырлап, төмендей беріпті. Мұны көрген жаратушы Жасаған Қара Жерді киелі көк өгіздің арқасына қондырыпты. Алайда, Қара Жер өгіздің үстіне орнықпай, бір жағына қарай ауа береді. Сонда оны орнықтыру үшін Жасаған жалпақ жердің әр өңіріне ұлылы - кішілі тауларды тұрғызып, салмағын теңгеріп, ауып құламайтындай еткен екен.
Жер мен Көк жаралғаннан кейін де қараңғы қара қапас айыға қоймаған. Жасаған ие Жер мен Көкті өз қолымен аялап, әлпештеп, жылы мерейімен есіркеп, жарық нұрымен жарылқап, олардың арасынан екі асыл перзент – Күн (ұл) мен Ай (ару) – екі жарықты туғызыпты. Сөйтіп, Күн мен Ай алма - кезек айналып, бірінің артынан бірі жүріп отырып, әлемдегі қара түнекті түре қуыпты. Олар Жер - Көкті жылуы мен жарығына бөлеп, қақаған аяз бен қараңғы түнекті айдап отыратын болыпты.
Алайда Аспан әлі де аласа еді, Қара Жер қаңырап, қу тақыр қалпында жатқан - ды. Шебер жаратушы Жасаған Көк еңсесін биіктетіп, құлазыған Жерге тіршілік көркін енгізу үшін, ең алдымен, жалғыз ағаш – «Киелі Бәйтеректі» жаратыпты.
Бұл ағаш әуелеп өсіп, көк күмбезінің түнлігін көтеріпті. Өмірдің өркені алғаш рет осы Бәйтеректе жапырақ жарып, мәуелепті.
Құдіретті Жасаған енді Жердің иесін жаратпақ болыпты. Ол үшін Жердің кіндігінен бір уыс топырақ алады да, бір еркек пен бір әйелдің мүсінін жасапты. Оларды күнге кептіріп, ауыздарына дем үрлеп жан енгізіпті.
Бұлар – адамзаттың алғашқы ата - аналары – адам ата мен Хауа ана екен.
Кейін Адам ата мен Хауа ана үйленіп, егіз - егізден (бір ұл, бір қыз) жиырма бес құрсақ көтеріпті. Осы балалар жиырма бес рулы елге айналып, жер жүзіне жайылыпты. Құдіреті күшті Жасаған ие балшықтан илеп адамның мүсінін жасағанда, оның кіндігінен ойып алынған бір шөкім балшықтан итті жаратқан екен. Иттің үнемі адамнан айырылмай, серік болып жүретіні, қайда барса да иесінің мал - мүлкін қоритыны сондықтан дейді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тәңір дұғасы өлеңі Тәңір дұғасы өлеңі
Өмір үшін тыныстайтын мәңгілік, Ошақ үшін отын тұрар жандырып! Ойлап тапқан ғұрпыменен адамның, Пәктігімен алғашқы арғы бабамның!
Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба
Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай - дүлей болып, астан - кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде
Жер - Сәбит Дөнентаев Жер - Сәбит Дөнентаев
Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген, Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген, Сол төрттің үшеуі су, бірі - ақ, құрғақ, Бекер деп айтпас мұны қағаз керген.
Аягөз, қайда барасың? - Дулат Бабатайұлы Аягөз, қайда барасың? - Дулат Бабатайұлы
Тауды екіге жарасың, Тастың қашап арасын. Кесіп өтіп кезеңді, Аягөз қайда барасың?..
Медеудің айтқандары Медеудің айтқандары
Сұрасаң арғы атамды ер Пұсырман, Жақсы болмағы адамның пиғылынан. Ойна, күл жас күніңде деп айтамын, Пайда жоқ өлгеннен соң жиған малдан...
Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады. Кейде кемшіліктің де пайдалы тұсы болады.
Бір қарт әжей күнде шелегін алып суға барады екен. Ол үйге жеткенше судың жартысын ғана әкеледі екен. Себебі оның екі шелегінің бірінің түбі аздап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×