ойын сауық отауы
Күй аңызы: Қос келіншек
03.04.2023 756 0 Admin

Күй аңызы: Қос келіншек

Аңыздар
Күй аңызы: Қос келіншек
Бір бай өзінің екі ұлына елдегі қыздардан түгелдей таңдап жүріп, баламның теңі осы болар - ау деген екі қызды келін қылып түсіреді. Байдың қос келіні де байдың өзі дәрежелес дәулетті адамдардың қыздары болады. Жасынан өмір тауқыметін көрмеген қос келіннің дене бітімі, жүріс - тұрысы, мінез - құлқы да бір - бірінен аумайды, бір қалыпқа соққандай, бір анадан туып, бірдей тәрбие алған адамның баласындай болып сәйкеседі. Қос келін қимыл - әрекетімен, ашық - жарқындығымен байдың салтанатын толықтырып сәніне сән, абыройына атақ қосады.
Қос келінді көрген әркім - ақ таңдай қағып тамсанады. Ауызынан суы құрып мақтап қызығады, сүйсіне қарайды. Бір - бірінен бөлінбестей ұқсас қос келінді таңдап тапқан байдың тапқыштығына дән риза болады. Дүйім елдің назарын аударған қос келін боз - балалардың да жүрегіне шоқ тастап, сезімін қытықтайды. Ашына болуды армандап алдарынан тосады. Қос келінге деген ынта - зары ауған боз - балалардың сонда да жолы болмайды. Күндіз жолығып тіл қатудың орайы келгенімен, түнде жолығудың сәті түспейді. Сезімнің ыстық лебімен жүрегін жалын шарпып келіндеріне деген бөтен қолдың созылып, жат құшақтың ашылуына күдіктенген бай қабаған ит ұстайды. Қабаған ит есіктердің құлыбы, келіндердің күзетшісі іспетті болады. Күндіз атты кісіні аттатпайтын иттер түнде ауыл маңына ешкімді де жолатпайды. Қос келіншекке созған қолы жетпеген жігіттер олардың сұлулығын мақтап және оларға деген арман сағынышын білдіріп «Қос келіншек» күйін шығарыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Ер адамның киімін баспа Салт - дәстүр сөйлейді: Ер адамның киімін баспа
XVIII ғасырда Қазақстанның батыс өңірінде Есенгелді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол жеті атасынан бері бай, мал - жаны мыңғырған адам болса керек. Нағыз
Күй аңызы: Дайрабай Күй аңызы: Дайрабай
Дайрабайдың жамағайыны Көбен деген бай жалғыз ұлына Қанжығалы жағынан қыз айттырса керек. Ата салтында құда мен құданың бастары сай келіп, сөздері
Ер адамның киімін баспа Ер адамның киімін баспа
XVIII ғасырда Қазақстанның батыс өңірінде Есенгелді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол жеті атасынан бері бай, мал - жаны мыңғырған адам болса керек. Нағыз
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келіндер жайлы мақал-мәтелдер
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келін жақсы болса немере тәтті Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым етер.
Жүкті болған келінді күту дәстүрі Жүкті болған келінді күту дәстүрі
Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×