ойын сауық отауы
Күй аңызы: Дайрабай
12.11.2021 965 0 Admin

Күй аңызы: Дайрабай

Аңыздар
Күй аңызы: Дайрабай
Дайрабайдың жамағайыны Көбен деген бай жалғыз ұлына Қанжығалы жағынан қыз айттырса керек. Ата салтында құда мен құданың бастары сай келіп, сөздері жарасқан соң, болашақ күйеу бала жөн - жоралғысымен қыз көруге барады. Сол салтпен Көбен байдың баласы да қыз көруге шығады ғой. Бұл өзі, ата дәулетімен алшаңдап өскен, өмірдің ыстық - суығын көрмеген бос белбеу, боркемік жігіт болса керек. Сонсоң да, Көбен бай сырмінез баласының жанына сол кездің өзінде - ақ өнерімен ел - жұртқа мойын бұрғызып, сал - серілігімен танылған Дайрабайды қосады.
Көбен байдың баласы мен Дайрабай Ереймен тауын ен жайлаған Қанжығалы еліне келіп түседі. Көруге келген қызы сол елдің қадірлі бір байының мәпелеп өсірген жалғызы екен. Есімі Ажар болса керек. Ажар десе дегендей, атына заты сай ару еді дейді.
Мұндайда қыз беруші жақтың да, қыз алушы жақтың да бір - біріне сын көзбен қарайтын әдеті. «Қоянның түрін көріп, қалжасынан түңіл» дегендей, Көбен байдың баласын алғаш көргеннен - ақ Ажардың көңілі толмайды. Бас қосқан отырыстарда әрі - бері сөйлесіп, қылық қасиеттерін байқаған соң, тіптен түңіле түседі. оның есесіне, күйеу жолдас болып келген Дайрабай өзінің түр - тұлғасымен, ақыл - парасатымен Ажардың ықыласын аударады. Әсіресе аста - төк арқалы өнерін көргенде Ажардың нәзік жүрегі бұлқына соғып, жастық сезімнің жалынына шарпылады. Дайрабайға қарап жүзі нұрланса, Көбен байдың баласына қарап мұңаяды. Іштей тағдырына налып, оңашада көз жасына ерік береді.
Ажар қыздың жан бұлқынысын Дайрабай жазбай таниды. Жай танып қана қоймайды, бұл да Ажардың ақыл - көркіне сүйсініп, сұлу сезімге бой алдырады. Әсіресе Ажар қыздың жан жадыратар әзіл - назы, жүрек елжіретер ерке қылығы, енді бірдегі қиялға қанат бітірер сыршыл сұхбаты Дайрабайды айрықша арқаландырып, шабыт тұғырына қондырғандай болады.
Міне, осындай бір шақта Дайрабай өзінің сезім күйі мен Ажар қыздың қылық - қасиетін домбыраға салып еді дейді. Бұл күйі ел ішінде «Дайрабай» деген атпен тарайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұмытылған ұлт дәстүрлер: Сүт ақы Ұмытылған ұлт дәстүрлер: Сүт ақы
Қыз ұзату тойының мерзімін екі жақтың құдалары келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу
Туыстық атаулар сыры: Қыз Туыстық атаулар сыры: Қыз
Қыз (әйел) – ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы. Оң жақта отырған бойжеткен. Елдің назы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесуі,
Қанжығалы Асаубайдың батасы Қанжығалы Асаубайдың батасы
Көтер білекті, Берсін тілекті. Әуелі қудай оңдасын, Әжді - әулие қолдасын.
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2
Қыз кетсе – қуаныш, Тұрақтаса – жұбаныш.
Көрінбей кетсең, сені мен Көрінбей кетсең, сені мен
Көрінбей кетсең, сені мен көруге тіпті құштармын. Жаныма жақын келіп ең - келмеді бірақ тіс жарғым.
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй. Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×