ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Ер адамның киімін баспа
25.04.2022 558 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Ер адамның киімін баспа

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Ер адамның киімін баспа
XVIII ғасырда Қазақстанның батыс өңірінде Есенгелді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол жеті атасынан бері бай, мал - жаны мыңғырған адам болса керек. Нағыз шынжыр балақ, шұбар төс дәулетті адам екен. Болыс болып, ел де билейді. Оның тоқалынан Бекей есімді ұлы болыпты. Бекей орысша сауаты өте жоғары, көзі ашық жігіт екен. Байдың бәйбішеден туған ұлдары Бекейдің ел ішіндегі беделін көре алмай, әкесін ұлына айдап салады. Оған:
«Балаңыз атадан қалған дәулетті бей - берекет шашып жүр. Ел - жұртқа абыройсыз қылып бітті», – деп жамандайды. Оларға иланып қалған Есенгелді:
– Олай болса, маған қандай ақыл бересіңдер? – деп сұрайды.
– Ойбай, әке! Ондай баланың барынан жоғы. Тез құтылғаныңыз жөн, – деп азғырады мысық тілеу ұлдары. Зұлымдардың тіліне ерген бай Бекейді мерт қылады.
Бұл оқиға кейін барлық жерге әшкере болады. Байдың келіні өте есті жан екен. Әкесінің өз ұлының түбіне жеткендігін дәлелдеп, қазы - билердің алдына жүгінеді. Бай баласын өлтіргенін мойындап, өкінеді. Даудың соңы құнға кеп тірілгенде өжет әйел:
– Еріме құт болмаған дәулет маған бақыт бермейді. Бір ғана тілегім бар. Қайын атамның жеті атасынан бері келе жатқан құндыз жағалы тоны төрінде ілініп тұр. Соны бір аттап өтем. Басқа талабым жоқ, – депті. Келіннің өтініші орындалады. Көп ұзамай, Есенгелді бір жұтта төрт түлік малынан тегіс айрылып, таяқ ұстап қалады. Киелі киімі аяққа тапталғандықтан, байдың бағы тайыпты. Ақыры Есенгелді жоқшылықта, қайыр сұрап жүріп өлген екен. Бұл оқиғаға қатысты орыс жазушысы В. Даль «Бекей мен Мәулен» атты хикаят жазған. Осы жағдай киімнің де құты болатындығын, оны басқанда киесі кетіп, шаңырақтан бақтың ұшатындығын көрсетеді.
Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Алтыбақаннан соң» атты әңгімесінде ер адамның киімін әйел адамның астына басып отырмайтыны жайлы сюжет бар. Әйел адам ер кісінің киімін астына басса, оның басынан бағы таяды деген ойды әсерлі де нанымды жеткізген.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Кісіге қарап есінеме Салт - дәстүр сөйлейді: Кісіге қарап есінеме
Ертеде Мұхамбет пайғамбар сахабаларымен сұхбаттасып отырыпты. Жүрек көзімен қараса, жандарында Ібіліс те жүр екен. Пайғамбар одан: – Әй, малғұн,
Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме
Ертеде бір жігіттің қарт шешесі болыпты. Шешесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Жігіт отын шауып, оны қалаға сатады екен. Шешесі күнде баласының
Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе
Нұх пайғамбар бірде ұлдарына: – Уа, ұлдарым, жолдарың оңғарылып, сапарларың сәтті болсын! Құдай сендерді ырыстан, ынтымақтан айырмасын! – деп бата
Салт - дәстүр сөйлейді: Ынтымақты бұзды Салт - дәстүр сөйлейді: Ынтымақты бұзды
Ертеде Нығмет пен Үсен деген ағайынды жетімдер Шаһимардан деген байдың малын бағыпты. Екеуі кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Жиырма жыл
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Ер адамның киімін баспа Ер адамның киімін баспа
XVIII ғасырда Қазақстанның батыс өңірінде Есенгелді атты кісі тұрмыс кешеді. Ол жеті атасынан бері бай, мал - жаны мыңғырған адам болса керек. Нағыз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×