ойын сауық отауы
Перілер – көк періштелері
05.02.2024 183 0 Admin

Перілер – көк періштелері

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Перілер – көк періштелері
Таулар мен далалардың, өзендер мен көлдердің үстімен қанатты, алтын шашты әдемі қыздар, ғажайып сұлу аспан арулары ағындап ұшып жүреді. Кейде елсіз, жапан далада сырты күн сәулесімен жарқыраған, іші атлас, жібек кілемдермен, зерлі көрпелермен, алтын, күміс ыдыстармен жайнаған алтын керегелі, күміс уықты ақ шаңқан киіз үйлерін тігіп, аял жасайды.
Сондай сәттерінде олардың ән шырқап, ағаштардың арасында би билеп жүргенін аңшылар мен бақташылар да талай көрген.
Олар – аспанды мекен ететін Көк періштелері, пері қыздар.
Пері қыздардың сұлу болатыны сонша – олар жүрген жерінде айналасына нұр шашады, адамдардың жанын қуаныш, шаттыққа бөлейді екен. Сондықтан Көк періштелерін көргендер мәңгі тыныштығынан, ұйқы, күлкісінен айырылып, күні - түні сондай сұлуды армандайды.
Жерде тіршілік ететін пәни дүниенің жігіттері арасында осындай қанатты сұлу періштелердің махаббатына қол жеткізгендері де бар...
Перілерге үлде мен бүлдеге оранған, көзге көрінбейтін қызметші әйелдер қызмет етеді. Перілер сәуегейлік қасиетке ие. Сондай - ақ олар жануарлардың, құстардың кейпіне де ене алады. Әдетте, ерте ме, кеш пе, перілер өздерінің пәнилік күйеулерін тастап, бәрібір аспандағы тіршілігіне оралады.
Таң қаларлық жайт: Көк періштелері мен жердегі адамның арасынан өрбіген балалар не ғажайып сұлу, көрікті келеді, не болмаса олардың бойында тек сайтандық сұмдықтар ұштасады. Сөйтіп пері мен адамнан туған ұлдар, негізінен, есімдері аңыздар мен жырларда мәңгілік сақталған батырлар, ал, қыздар қарғыс атқан, түрі жаман, қорқынышты албастылар болатын көрінеді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бабай Түкті Шашты Әзиз бен ару аққу Бабай Түкті Шашты Әзиз бен ару аққу
Бабай Түкті Шашты Әзиз бір күні Аргон өзенінің жағасына келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып келгенін көреді. Олар үстіндегі
Тұлпар - Пегас туралы миф Тұлпар - Пегас туралы миф
Көшпелі халықтар байырғы замандардан бері өздерінің сенімдіәм адал серіктері – аттарды киелі жануар деп есептеп, оларды қисапсыз көп бейнелеген.
Сен сұлу Сен сұлу
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат, Рабия...... Рухия Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат,
ӨМІРГҮЛ - өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі. ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік. ӨНЕГЕ - үлгі, тәрбие.
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×