ойын сауық отауы
Қыз ұзату тойына тілектер
20.07.2016 74 032 0 Дауыл

Қыз ұзату тойына тілектер

Бата, тілектер / Өлеңдер
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата - енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.

***
Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсана мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерін.

Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп, жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.

***
«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!

***
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын!

***
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!

***
Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда - жекжат,
Отырмын мен де,
Сен де балалы боп.

Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.

Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір - бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.

Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.

***

Бала - ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық - сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда - жекжат жатса егерде іздеп кеп.

Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.

Құлаққағыс,
Айттым - құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!

Материал «neke. kz», «kuttybolsyn. kz» сайттарынан алынды.

Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қыз ұзату тойына арналған тілектер

Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына эл. поштаға жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады

Дос керек маған... Дос керек маған...
Бұл көңіл деген бола бермейді - ау босқа алаң, Шарқ ұрып кейде іздейді екен дос - жаран. Айналам толы ниеті түрлі пенделер, Шегінем бір рет -
Ұзату тойына арналған тілектер Ұзату тойына арналған тілектер
Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді - деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп тапты.
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер
Ұзатылғалы тұрған қызға құттықтау, тілектер. Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын!
«Өлі - тірісі» берілмеген қыз аурушаң болады. «Өлі - тірісі» берілмеген қыз аурушаң болады.
Екі жас бас қосқанда жасалынатын қазақи дәстүрлердің ішіндегі ең маңыздысының бірі «Өлі - тірі».
Жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі, қолында оқтауы, тілінде тоқтауы бар. Жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі,
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа) Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қуанамын неге бүгін соншалық Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт Қиясына ұшқалы отыр әпкеміз, Көңілде бір қимастық бар қайтеміз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×