ойын сауық отауы
Дос керек маған...
01.12.2020 5 454 0 Admin

Дос керек маған...

Өлеңдер
Дос керек маған...

Бұл көңіл деген бола бермейді - ау босқа алаң,
Шарқ ұрып кейде іздейді екен дос - жаран.
Айналам толы ниеті түрлі пенделер,
Шегінем бір рет -
Тастасам алға қос қадам.

Адымды аңдап баспасаң, күнім, болмайды,
Күлкіге қалып, соқадай басың сорлайды.
Өзіңді - өзің қадірлемесең бұл күнде,
Басқалар келіп аяусыз сені қорлайды.

Дос керек мынау жалғанда, жаным, дос керек,
Бой түзеп өсер шынардай шыңда - қос терек.
Сыртыңнан мақтап,
Бетіңе айтар қатеңді,
Сүйрейтін алға абыроймен ғана көшті ерек.

Жалғанның мынау өтпейді - ау күні жалғансыз,
Талай рет содан құлазып көңіл, қалған сыз.
Осындай кезде ұмытып өмір күйбеңін,
Дос іздеп кеткің келеді екен армансыз.

Дос тапсаң күнде анаңдай көріп амандас,
Дос керек маған,
Дос керек саған, замандас.
Жаныңды ұғар қасыңда бір дос болмаса,
Тентіреп қана кетеді екен қараң бас.

Дос керек саған,
Дос керек маған, алтыным,
Өлшенер доспен қадіріңменен бар құның.
Досыңның бары бақытың - жарты байлығың,
Жаныңды ұғар досыңның жоғы жарты мұң.

Санжар Ғұлама

Сені сүймеуім керек еді... Сені сүймеуім керек еді...
Сені сүймеуім керек еді, Жаныма ауыр мұң артып. Не таптым екен, Өзіңдей, Қайырсыз жанға құмартып.
Кешірім Кешірім
Тағдырыңның жапқаныңша есігін, Өкпелеуден тұрмау керек шешімің. Айналаңа өту үшін тік қарап, Бұл өмірде керек екен кешірім.
Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Шыдам Шыдам
Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған? Сырбаздықты әдетте қалайды адам. Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып Өз - өзімнен өртеніп барам жанып
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып.
Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×