ойын сауық отауы
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
04.08.2024 106 619 0 Дауыл

Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)

Бата, тілектер
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)

Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болсын. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.

Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.

«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның – жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер. Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!

Қуанамын неге бүгін соншалық
Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт
Қиясына ұшқалы отыр тәтеміз
Көңілде бір қимастық бар қайтеміз

Қадамыңыз бүгінгі құтты болсын
Қыдыр дарып отауға бақыт қонсын
Көтерген жездемізбен шаңырақтың
Ішіне қуаныш пен күлкі толсын

Ұлдарды нәсіп етсін ақылды ұдай
Қыздарды нәсіп етсін күн мен айдай
Отаудың берік қылып босағасын
Біздерге болыңыздар жаққан шамдай

Көктемнің күлімдеген күніндейсіз
Дүниенің ең шырайлы гүліндейсіз
Папасы мен мамасының асыл қызы
Әрқашан жездемізбен бір жүргейсіз!

Өмірде ең бақытты жан болыңыз!
Мәнді де даңғыл болсын бұл жолыңыз!
Мәңгілік бір - біріңе ғашық болып
Көңілі туыстардың жүрсін толып!

Қыз ұзату тойына басқа да тілектер

Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына эл. поштаға жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады 

Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер
2025 жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен
Тойға арналған тілек - өлең шумақтары Тойға арналған тілек - өлең шумақтары
Бақыт қонып ақ отау түндігіне, Тағы да сезім нұры күлді, міне. Қол ұстасты жұбайлар салтанатпен Жарастығы сай келіп бір - біріне.
Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер! Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемгі күндей құлпырып жүздеріңізден күлкі мен қуаныш кетпей жүре
Қыз ұзату тойына тілектер Қыз ұзату тойына тілектер
Қонақтан кетпей төрлерің, Ісіңнің таппай ел кемін. Тамсана мақтап көп адам Баса алмай жүрсін шөлдерін.
18 жасқа арналған құттықтау, тілек 18 жасқа арналған құттықтау, тілек
Бүгін, міне, сен үшін Дала шат боп жасыл жібек жамылды. Өйткені сен 18 - ге толған күн!!! Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің "Он сегіз!!!" деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×