ойын сауық отауы
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері
06.12.2016 6 487 0 Дауыл

Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері

Денсаулық
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері

Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша жұмсайды. Әрине, салонда жасалған күтім мен үйде жасалған күтімнің айырмашылығы бар. Өйткені, салонда жасалған күтімнің нәтижесі артынша көрінеді. Ал үйде күтім жасау үшін ұзақ уақыт жұмсауға туралы келеді. Алайда, күтімнің нәтижесі бар, оны жоққа шығаруға болмайды.

Күнделікті күтімнің ең маңызды бөлігі бет күтіміне кетеді. Бет терісіне арналған масканы үйде бар өнімдерден күнделікті жасауға болады.

Бет терісін қара нүктелерден тазалайтын маска
Масканы дайындау үшін:
- Жұмыртқа - 1 бас
- Шекер 2 ас қасық.
Жұмыртқа мен шекерді араластырыңыз, шекер ерігенше жақсылап араластырыңыз. Қоймалжыңның жартысын бет терісіне жағыңыз. Бет кепкенше күтіңіз, және екінші рет жағыңыз. Бетті жай шапалақтау арқылы 2 минуттай бетке массаж жасаңыз. Осының нәтижесінде бет терісіндегі тесіктері тазарады. Жылы сумен жуып тастап, жұмсартатын крем жағып қойыңыз.

Киви жемісінен дайындалған тазартқыш маска
Масканы дайындау үшін:
- Жарты киви
- 1 ас қасық бидай ұнтағы (манная крупа)
Кивиді шанышқымен езіп бидай ұнтағын салыңыз. Екеуін тез араластырыңыз, себебі бидай ұнтағы жұмсармай тұрып қолдану керек. Бет терісіне 1 минуттай жаймен сипай отырып жағыңыз. Салқын сумен жуып тасаңыз. Егер бет терісі тітіркенгіш болған жағдайда бұл маска түрін қолданбаған жөн. Аллергиясы бар адамдарға да зиянды болып есептеледі, сондықтан абай болған жөн. Бұл маска түрін аптасына бір рет жасаса жеткілікті.

Бет терісін нәрлендіру үшін ашытқыдан дайындалған маска.
Масканы дайындау үшін:
- 20 г ашытқы (хлебопекарные дрожжей)
- 2 ас қасық жылы сүт.
Екі өнімді араластырыңыз көпіршік пайда болғанша күтіңіз. Масканы бет терісіне жағыңыз да 10 минуттай күтіңіз. Бетті салқын сумен жуыңыз, бет терісіндегі тесіктері тарылуы үшін. Бұл масканы бір рет пайдаланған соң - ақ бет терісі жұмсақ әрі барқыт мата тәрізді қалыпқа келеді.

Жұмыртқа сарысы мен зәйтүн майынан (оливковое масло) дайындалған маска.
Масканы дайындау үшін:
- 1 жұмыртқа сарысы
- 1 шай қасық зәйтүн майы
Екі қоспаны араластырыңыз, дайын қоймалжыңды аптасына бір рет жағыңыз. Егер бет терісі құрғақ болса зәйтүн майын 2 қасық қосыңыз. Жұмыртқа сарысы бет терісін нәрлендірумен қатар дәрумендермен қоректендіреді. Зәйтүн майы бет терісін жұмсартады және теріге ешқандай кері әсері жоқ өнім болып есептеледі.

Косметикалық балшық.
Косметикалық балшық түрлері көп: көк, қара, ақ, қызғылт балшық. Соншалықты қымбат тұрмайды. Ең дұрысы ұнтақ түрін сатып алып, масканы әркім өзі дайындағаны дұрыс. Міндетті түрде қолданар алдында дайындау қажет. Балшық теріні тазартып және ағартатын қасиетке ие сонымен қоса теріге шымырлық пен тығыздық береді. Үнемі пайдаланып отырса теріде ылғалық сақталады және майда сызықтарды тегістейді. Балшықты көздің айналасынан алшақ бет терісіне 10 - 15 минутқа жағып қалдырыңыз, аптасына екі рет қайталау қажет.

Түймедағы (ромашка) тұнбасынан дайындалған мұз.
Бұл көз алдындағы әжімдерді кетіруге таптырмас құрал. Температураның төмен болуынан яғни қабақтың ісінуі төмендейді және тері сергиді сонымен қоса тері тартылады. Түймедағы қабынуға қарсы тұрады. Мұз түйірімен бет терісін сипалай отырып массаж жасаңыз. Тегіс жерге жатып мұз түйірін көз астына қойып 5 - 7 минут жатыңыз. Бұны таңертең және кешке жасаңыз.

Көріп отырғанымыздай, үй жағдайында теріге күтім жасай білу әр адамға қолжетімді. Ең бастысы – ерінбеңіз!

Дайындаған: Асыл

Дереккөзі: womens-talk.ru

Бойжеткендер білуі тиіс сұлулық сырлары Бойжеткендер білуі тиіс сұлулық сырлары
Теріңіз мерзімінен ерте қартайып, бұзылмауы және үнемі сұлу, сымбатты болып жүру үшін қажет. Назарларыңызға сұлулық сырларын ұсынамыз.
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.
Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың пайдасы мол. Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың
Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне
Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды
Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.
Бет терісіне жемістерден жасалған маска Бет терісіне жемістерден жасалған маска
Сіз теріңіздің тегіс және таза болуын қалайсыз ба? Мұндай тамаша келбеттің иесі болу үшін, бет терісіне дұрыс күтім жасауды үйренуіңіз керек.
Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар
Сұлы жармасынан дайындалған масканың пайдасы. Бет терісіне пайдалы маска дайындауда табиғи өнімдердің бірі сұлы (овсянка) яғни «Геркулес». Сұлы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×