ойын сауық отауы
Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар
07.03.2016 14 055 0 Дауыл

Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар

Денсаулық
Сұлы жармасынан дайындалған масканың пайдасы.
Бет терісіне пайдалы маска дайындауда табиғи өнімдердің бірі сұлы (овсянка) яғни «Геркулес». Сұлы жармасынан дайындалған маска үйде жасалатын маскалардың ең негізгісі деуге болады. Құрамындағы пайдалы микроэлементтердің әсерінен ол бет терісін нәрлендіреді және өлі теріні сылып тастайды, бет терісінің табиғи реңін сақтауға көмектеседі.
Сұлы маскасының бет терісіне әсері:
бет терісін қоректендіріп, табиғи рең береді;
бет терісіндегі әжім түсуден қорғайды;
бет терісіндегі безеуді кетіреді;
бет терісінің құрғап, қабыршықтануын азайтады.
Сұлы жармасы еш қоспасыз таза өнім болғандықтан, кез келген теріге қолдануға болады. Сұлы маскасын дайындауда басқа компоненттерді қоса отырып майлы теріге немесе құрғақ теріге арналған маска түрлерін дайындауға болады.

Сұлы жармасы мен ас содасы қосылып дайындалған маска (майлы бет терісіне арналған).
Бұл масканың түрі бет терісі майлы әрі безеу көп шығатын адамдарға арналған. Сұлы жармасын майдалап үгітіп алу қажет. Содан соң, 2 ас қасық майда сұлыны ыстық суға бұқтырып қою қажет, дайын болған сұйықтау ботқаның үстіне 1 шай қасық соданы салып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетіңізге жағып, 20 - 30 минут күтіңіз. Содан соң жылы сумен жуып тастау қажет.

Бетті тазартатын маска. (сұлы жармасы мен бал қосылып дайындалады).
Бұл маска сұлы жармасы мен балды араластыру арқылы жасалады. Бал – пайдалы әрі табиғи өнімдердің бірі. Бұл маска безеу көп шығатын теріге пайдалы деп есептелгенімен оның пайдалы жағы одан да көп. Бал өте жабысқақ соның әсерінен ол бет терісінің тесіктеріндегі (поры) майлы кірді сорып шығарады. Сұлы жармасы скрабтың қызметін атқарады яғни өлі теріні түсіреді. Сонымен қоса балдың тағы бір қасиеті, сұлы секілді терідегі қабынуды басып, теріні қоректендіреді.
Масканы дайындау үшін балды аздап отқа қойып жылыту керек. Екі қоспаны бірдей мөлшерде алып, 2 ас қасық балға 2 ас қасық майдаланған сұлы жармасын қосып араластырыңыз. Егер маска өте қою болған жағдайда аздап су қосуға болады. Масканы бетке жағып 20 - 30 минутқа қалдырыңыз да соңынан жылы сумен жуып тастау қажет.

Бет терісін нәрлендіру үшін дайындалатын маска. (сұлы мен айран (кефир) қосып дайындалады)
Бұл маска бет терісін қоректендіріп, терінің түсін ағарту үшін қолданылады. Тері майлы болған жағдайда осы масканың пайдасы өте көп. Айран теріні құрғататын болғандықтан бет терісі құрғақ адамдарға қолдануға болмайды!
Масканы дайындау үшін 2 ас қасық майда үгітілген сұлыға 1 ас қасық айранды қосып араластырыңыз. Содан соң бетке жағып 15 - 20 минут ұстау қажет, одан ұзақ ұстауға болмайды!

Бет терісін жұмсарту үшін дайындалатын маска. (сұлы және қаймақ қосып жасалады).
Бұл маска керісінше бет терісі майлы адамдарға қолдануға болмайды! Құрғақ бет терісіне арналған маска. (қаймақ майлы болғаны дұрыс). 2 ас қасық майда үгітілген сұлыға 1 ас қасық қаймақ қосып дайындалады. Бет терісіне жағып 20 - 30 минутқа қалдырыңыз. Соңынан жылы сумен жуу қажет. Соңғы кезде үй жағдайында жасалатын косметологиялық өнімдердің ішінде қаймақ қосылып жасалған маскалар ең танымал әрі тиімді болып есептеледі.

Теріні қалай ағартуға болады? Теріні қалай ағартуға болады?
Теріні қалай тез ағартуға болады? Жаздыгүні кейбір адамдар қарайып, күнге күюді жөн көреді. Ал кейбір адамдар денесінің күнге күймей өз түсі
Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың пайдасы мол. Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың
Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне
Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды
Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска
Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
Мұрын мен ерін айналасындағы әжімдердің пайда болуын болдырмаудың оңай жолы - олардың алдын алу. Кез келген қыз-келіншек 25 жастан асқан соң, күн
Бет терісіне жемістерден жасалған маска Бет терісіне жемістерден жасалған маска
Сіз теріңіздің тегіс және таза болуын қалайсыз ба? Мұндай тамаша келбеттің иесі болу үшін, бет терісіне дұрыс күтім жасауды үйренуіңіз керек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×