ойын сауық отауы
Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері
23.03.2017 4 097 0 Дауыл

Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері

Жалпы кеңес
Бет терісіндегі әжімді кетіруге картоп крахмалынан дайындалатын маска
Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.
Масканың құрамы картоп крахмалы (1 ас қасық), жарты стакан суға езіледі. Оны кең ыдысқа құйып үстіне жарты литр қайнаған су құйып, отқа қойып қою болғанша қайнатыңыз. Сонан соң мұнда 5 ас қасық сәбіз сөлі, 1 ас қасық қаймақ қосылады. Масканы бетке жұқалап жағып 20 - 25 минут ұстаңыз. Уақыт аяқталған соң, жылы сумен жуып, күнделікті бетке жағатын иісмайды (крем) жағып қойыңыз. Бұл майда әжімдерді тартып, бет терісін қалпына келтіреді.
Қалған масканы тоңазытқышта сақтаңыз, тағы 3 күн пайдалануға болады. Бұл масканы қатарынан 3 күн жасаңыз.

Бет терісін даршынмен (корица) тазарту!
Мұндай маскадан соң, бет терісінде безеуден кейін қалған дақ тегістеліп, тері бір тегіс қалыпқа келіп, бет терісінің бастапқы жылтыр өңі орнына келеді.
Керек өнімдер: 1 шай қасық даршын (корица), 2 ас қасық бал.
Екі өнімді жақсылап араластырыңыз. Дайын масканы бет терісіне жағып 15 минут ұстаңыз. Бөлме температурасындай жылы сумен жуып тастау керек. Бұл масканы 1 ай бойы жасап жүрсеңіз, бет терісіне шығатын безеуден арылып, қара дақтардан да құтыласыз.

Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың пайдасы мол. Бет терісі күтіміне алмадан жасалған маскалардың
Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска
Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша
Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу. Мұрын және ерін айналасындағы әжімдерден арылу.
Мұрын мен ерін айналасындағы әжімдердің пайда болуын болдырмаудың оңай жолы - олардың алдын алу. Кез келген қыз-келіншек 25 жастан асқан соң, күн
Бет терісіне жемістерден жасалған маска Бет терісіне жемістерден жасалған маска
Сіз теріңіздің тегіс және таза болуын қалайсыз ба? Мұндай тамаша келбеттің иесі болу үшін, бет терісіне дұрыс күтім жасауды үйренуіңіз керек.
Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар Маска. Сұлы жармасынан дайындалған маскалар
Сұлы жармасынан дайындалған масканың пайдасы. Бет терісіне пайдалы маска дайындауда табиғи өнімдердің бірі сұлы (овсянка) яғни «Геркулес». Сұлы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×