ойын сауық отауы
Босанғаннан кейінгі құбылыс – меланхолия. Онымен күресудің жолдары
12.07.2017 3 262 0 Дауыл

Босанғаннан кейінгі құбылыс – меланхолия. Онымен күресудің жолдары

Денсаулық
Босанғаннан кейінгі құбылыс – меланхолия Онымен күресудің жолдары.

Келіншектердің босанып келгеннен кейінгі көңіл күйінің аздап түсуін депрессиямен шатастыруға болмайды, бұл екі термин: меланхолия мен депрессия белгілері ұқсас болғанымен екі түрлі. Меланхолия бұл – жай ғана көңіл күйдің төмендеуі, мұндай психо-эмоционалдық жағдайды жеңу және оны дұрыс жолға бағыттау оңай.
Босанғаннан кейінгі меланхолия бұл – жоғары сезімталдық, мұңаю, жылау арқылы көрініс береді, ағзаның қайта қалпына келу процесі.

Босанғаннан кейінгі меланхолияның себебі.
Меланхолия – өмірдің кез келген сатысында болуы мүмкін, бұл сәби әкелген аналардың басында ғана болатын құбылыс емес. Алайда, мұндай эмоциялық ахуалдың бұзылуы ана атанған келіншектердің басында жиі кездеседі.

Көңіл - күйдегі өзгерістер, ең алдымен, босану кезінде және одан кейін орын алатын гормондық деңгейдегі өзгерістерге байланысты болып табылады. Гормондардың көтерілгені климакс кезеңінде, әйелдің белі бұзылар алдында және босанғаннан кейін ерекше байқалады. Мұндай кезде әйелдер көңіл-күйі бұзылып, ашуланшақ, жылауық болып көрінеді. Босанғаннан кейінгі алғашқы айда әйелдер гормонның әсерінен қатты өзгерістерді сезінеді, ешбір себепсіз-ақ мұңаяды. Ұйқысының қанбауы, баланың жылауы, емшек сүтінің аз болуы осындай қарапайым нәрселердің өзі әйелдің көз жасына себеп болуы мүмкін. Мұндай сезіммен күресу кез келген анаға оңайға түсе қоймас.

Босанғаннан кейінгі меланхолияны қалай жеңуге болады?
Психологтар, босанғаннан кейінгі меланхолиямен күресудің бірнеше әдістерін ұсынады. Мысалы:
1. Көз жасын тоқтатпаңыз. Дәрігерлердің айтуы бойынша, эмоцияңды өзіңде сақтау денсаулыққа зиянды, сондықтан жылап алудың да пайдасы бар. Жылау сүт шығуына кері әсер етеді деп қорықпаңыз, өйткені бұл өтпелі құбылыс.

2. Өзіңе мүсіркей қарау сезімін тоқтату қажет. Жылауға бірден - бір себеп – өзіңе аяушылықпен қарау. Дүниеге сәби әкеліп жатып, өзіңді мүсіркеуге бола ма? Өзіңді мақтан тұтуға, қызықты өмір сүруге талпыну қажет өйткені сенің сәбиің жарық дүние есігін ашты.

3. Кез келген жағдайға әзілмен қарап, күлкіге айналдыруға тырысыңыз. Қандай қиындық туындаса да оны күлкімен әзілмен ғана жеңе аласыз. Әлдебір қателік жасасаңыз, оған бола өзіңізді кіналап жазғырмаңыз, керісінше «ақымағым - ау» деп күліп қойыңыз.

4. Мұңаюға жол бермеңіз, көңіліңізді басқаға аударуға тырысыңыз! Егер ана көңіл-күйінің түсіп, жылағысы келіп тұрғанын сезсе, ойын жақсы әрекетке аударуға тырысқаны дұрыс. Мысалы, ырғақты әуен қойып баламен бірге билеуге болады. Әуен тыңдау – көңіл-күйді көтерудің ең тиімді жолы екені баяғыда дәлелденген.

5. Жас ананың өмірінде байланыс көп болуы керек. Адам – әлеуметтік жаратылыс иесі сондықтан адамдармен үнемі байланыста болуды қажет етеді. Жас аналардың қарым - қатынас арқасында кез келген сұрақтарына жауап алуына мүмкіндігі болады.

6. Өзіңді жиі қуанышқа бөлейтін әрекеттер жасаған жөн. Әйелдің көңілін көтерудің ең жақсы тәсілі – сауда жасау яғни керегін сатып алу. Сауда жасау үшін көп қаражат жұмсау қажет емес, кішігірім бір нәрсе сатып алса, мысалы, ерін далабын немесе жатарда киетін іш киім соның өзі жас ананың көңілін әжептеуір көтеріп тастайды.

Бұл әдістер босанғаннан кейін аналардың бойында болатын меланхолия және депрессия құбылысымен күресуге әбден көмегі тиеді деп ойлаймын.

Дайындаған: Асыл

Ана атанған қыз-келіншектер кеңесіңізбен бөлісуге болады, ол үшін жазбаны мына эл. поштаға жолдауға болады: bilimdiler@yandex.kz немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Халық емі: Пайдалы тұнба Халық емі: Пайдалы тұнба
Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру
Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінен кейінгі төбелес Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінен кейінгі
Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінен аяқтала сала төбелес басталды. Нурмагомедов шаршы алаңнан асып түсіп төбелесе кетті. Сол кезде оларды
Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді. Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді.
Сейсмологтар Алматыда бүгін таң ата болған жер сілкінісінің себебін айтты. Мамандардың сөзінше, мұндай оқиға қайталануы мүмкін, деп хабарлайды
Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе? Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе?
Сіз маған мүмкін, сенбейтін боларсыз, сонда да айтайын: Күн сайын адам рухани жолсерігі яғни, қорғаушы періштелер арқылы өмірдің өзі беретін
Қырқыншы жылдар Қырқыншы жылдар
Рас, қайғы - қасіреті бар қаптаған, Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен әр адамға бір қайғы, Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×