ойын сауық отауы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі
06.11.2020 1 059 0 Admin

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Адам өзінің жан екенін түсінуі

Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс жасап, өзінің ішкі дүниесіне көңіл бөле бөледі. Абай сөзімен айтқанда «Адамның хикмет кеудесі» екенін ұққанда ол көңілін толық ішкі жан дүниесіне аударып, ізденіске түседі. Адам «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздейді. Сөйтіп имандылығы әрі қарай жетілген кейбір адамдар сезім қанағатынан келесі деңгейге – өзінің жан екенін түсіну деңгейіне көтеріледі. Ол енді өзін денеге емес, рухани болмысқа балай бастайды. Сөйтіп оның жалған эгосы нағыз эгоға айналады. Бұл деңгей туралы Абай «Ақыл мен жан – «мен өзім», тән – «менікі», «мені» мен «менікінің» мағынасы екі», - деп жазады.
Бұл деңгейде адамның тіршілік сипаты уақытша фәни өмірден мәңгілікті бақи өмірге ауысып, толық өзгереді. Ол рухани білім алып қана қоймайды, енді оны жетілдіріп, өзінің болмысын сезінуге ұмтылады. Бұрынғыдай көңілін сыртқы өмірге бөлмей, енді көбіне ішкі дүниесін түсінуге шоғырландырады. Өзін Жоғары Рухтың бір бөлшегі ретінде сезініп, қасиеттері жағынан Абсолютпен бірдей екенін сезіне бастайды. Бұл бірлік түсінігі оған қуат беріп, имандылығын арттырады.
Бұл деңгей Абай көрсеткен Түп Иеге қайтуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл тек қана рухани әлемнің табалдырығы тәрізді.
Бұл деңгейдегі адам құлшылық жолында болмағандықтан, Түп Иемен әлі ещқандай қарым - қатынасқа түспейді. Түсінікті болу үшін бір мысал келтірейік. Ұлы патшаның сарайындағы салтанатты жиынға бірінші рет келген кейбір адамдар патшаның өзін де, оның маңайындағы қауымды да білмейді. Олар адам, әрине, жиында ешкіммен араласып, шүйіркелесіп қарым - қатынас жасай алмай, тек қана маңайында болып жатқан салтанатты көргеніне мәз. Ал патшамен бұрыннан жақын таныс адамадр сарайдағы салтанатқа араласып, өз рөліне еркін кіріп, көңіл көтеріп қана қоймайды, патшаға еркін жақындап, онымен сұхбаттаса алады. Сол сияқты, бұл деңгейдегі жан иесі әлі Түп Иемен байланыс орнатпағандықтан, патша сарайына бірінші рет келген адам тәрізді, рухани әлемде оның болмысы және алатын ләззаты шектеулі болады. Ал Түп Иемен қарым - қатынасын орнатқан жан иесі, екінші адамның патша сарайында еркін қанағаттанғаны тәрізді, рухани әлемде жоғары ләззатқа ие болады. Әрине, бұлардың алатын ләззаттарын бұл әлемнің өлшемімен салыстыруға келмейді.
Сонымен бұл деңгейді Құдаймен бірігіп, қабысудың алғашқы қадамы деуге болады. Барлық жан иелері басқалармен бірігуге ұмтылады. Себебі бірігу – ләззаттанудың тура жолы. Біріккен кезде қарым - қатынас жасауға мүмкіндік болады. Бірікпей бөлектенсе ешқандай да қарым - қатынас жоқ. Бірақ бірігудің рухани және материалдық деңгейлері болады.
Рухани бірігу Абайдың «Алла тағала бір» деген сөзінде айқындалған. Алла тағала Абсолют болғандықтан барлығы Соның құрамында, Одан басқа ештеңе де жоқ. Егер Онымен бірге емеспін дейтін болсақ, бұл Алла тағаланың бірлігін мойындамаумен тең. Мұны сезіну осы деңгейде, адам жан екенін сезінген деңгейде, мүмкін болады. Бірақ бірігудің басқа жоғары деңгейлері бар. Айталық, кейбір жоғары жетілген сопылар Алла тағаланы «Ғашығым» (Асығым), «Досым», «Түп Ием», «Жаратушым» деп атайды. Бұлар – Алла тағаланы сезінудің және Онымен қарым - қатынастың әр түрлі деңгейлері. Әр деңгей басқа деңгеймен салыстырғанда алатын ләззатымен де, қарым - қатынас сипытмен де өзгеше. Бұл тақырып – қарапайым адам түсінігінен тысқары жатқан құпия. Сондықтан бұл туралы арнайы ортада ғана сөз етіледі.
Адам өзінің жан екенін сезініп, Түп Иеге қайтқандағы алатын ләззатын төменгі фәни әлемдегі сезім қанағаты деңгейіндегі ләззатпен салыстыратын болсақ, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Оны мұхиттағы су мен оның бір тамшысымен салыстыруға болады. Фәни әлемнің ықпалынан шыққаннан кейінгі, ең төменгі дәреже болып есептелетін, өзінің жан екенін сезінгендегі ләззаттан одан жоғары деңгейлерде жатқан рухани ләззаттың қандай үлкен екенін осыдан - ақ түсінуге болады. Оларды сипаттауға фәни өмірдің тілі жетпейді. Сондықтан рухани әлемнен төмендеп, өзімізге таныс фәни әлемге келейік. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Жан иелері ләззаттанып, өмірдің рақатын көру үшін бұл әлемде де бірігеді. Бұл – материалдық бірігу. Рухани әлемде кішкентай жандар Жоғары Рух арқылы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты
Абайдың он бесінші қара сөзінен есті кісі мен есер кісінің әрекетін салыстыруға болады. «Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір
Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты
Адамның бақыты – оның сол сәттегі ләзаттану шағы. Ал ең жоғарғы ләззат – жанның Алла тағаламен байланысқан шағы. Бірақ бұл деңгейге жету әркімнің
Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету
Ақиқатында, дәулетке жету деңгейіндегі адамда терең рухани білім жоқ. Ол тек қана өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етіп, адал өмір сүретін адам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×