ойын сауық отауы
Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе?
17.06.2017 1 754 0 Дауыл

Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе?

Бұл қызықты
Өмірдің өзі белгі береді оны байқай білесіз бе?
Сіз маған мүмкін, сенбейтін боларсыз, сонда да айтайын: Күн сайын адам рухани жолсерігі яғни, қорғаушы періштелер арқылы өмірдің өзі беретін белгілерге куә бола алады. Егер адам ішкі түйсігіне сене отырып, мұндай белгілерді көріп, байқауды үйренетін болса, жоғарыдағы күштердің өзін қолдап-қорғап жүргенін байқай алады.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршілікте жүріп, өмірдің айқын белгілерін байқай бермейміз. Ондай белгілер барлық жерде. Ойланып қарасаңыз, мазалаған сұраққа кез келген жерде, кез келген уақытта жауап алуға болады. Өмірдің ондай белгілерін қалай байқап, білуге болатынын айтайын.

1. Көзбен шолу.
Бұл көзбен көретін кез келген белгі болуы мүмкін. Мысалы, кейде бір шешімге келе алмай, әуреге түсетін кездер адамдардың басында жиі кездеседі мысалы: жұмыс орнын ауыстыру қажет пе, жоқ па, осындай екі ойлы кездеңде газет журналдан жазба оқып қалуыңыз әбден мүмкін: «Солай жасасаң, өкінбейсің!». Бұл қорғаушы періштелер арқылы жоғарыдан келген белгі шығар. Сол сияқты газет журналдан ғана емес, кітаптан, интернетте тіпті жарнама қағаздарынан көріп қалуыңыз мүмкін.
Алайда, көрінген жерден белгі іздеу қажет емес өйткені, ол кездейсоқ күтпеген жерде, байқаусызда орын алады.
Сондай-ақ ондай керемет белгілерді табиғаттан да табуға болады. Аспаннан жүрекке ұқсас бұлтты немесе жүрекке ұқсас жапырақ, гүл тауып алуыңыз мүмкін. Ондай белгі кәдімгі асфальтта да көрініс береді, асфальттың жарылған сызықтары жүрекке ұқсайды сол сияқты бір белгі беретіндей боп көрінеді. Мұндай белгілерді көру үшін байқампаз болған дұрыс.

2. Есту.
Бұл белгілерді есту арқылы байқауға болады. Кездейсоқ адамнан ба әлде бейтаныс жолаушыдан ба, үйде теледидардан әлде радиодан тыңдадыңыз ба ол – маңызды емес. Ең бастысы тыңдау емес есте білу мен назар аудару маңызды.

3. Интуициялық сезім.
Кейде, сіздіңше солай болып көрінеді. Неге солай ойлағаныңызды өзіңіз де түсінбейсіз. Солай ойлайсыз болды. Ішкі түйсікке құлақ асқан жөн? Ішкі түйсікті – Құдайдың адаммен тілдесуі - деп те айтады, мұнда шындық бар сияқты. Сондықтан кейде логикаға емес, ішкі түйсігіңді тыңдап, соған сүйене әрекет еткен дұрыс болар.

4. Бейне.
Өмірдің мұндай белгілері кейде түс арқылы көрініс береді, оны елемей кетуге болмайды. Түсіңде көрген өте айқын және жарқын бейнелер есіңде мықтап сақталып қалады да әсерлі эмоциялар туғызып, жоғарыдан белгі берілуіне әсер етеді. Ондайды қазақта «аян берді», деп айтып жатады. Бейне түріндегі белгілер – жоғарыдан берілетін күшке сенетін жандарға түс болып енеді.

5. Танымдық (Когнитивные).
Бұл белгі – өмірде әлдебір ақпаратты жеткізу үшін, орын алған оқиға. Кейде атқарамын деген бір шаруаға «қолың бармайды» немесе шақырған бір жерге баруға «аяғың тартпайды». Алайда соған қарамай сол шаруаны атқарасың, барғың келмеген жерге барасың, бірақ соңы жақсы болмай жатады.
Мысалы, «Мен бірде алыс жолға шықпақ болдым, бірақ онда баруды көңілім аса қалай қоймады. Ол туралы әпкеме айтқанымда, «қазір қыс мезгілі, қыдыратын уақыт емес, көктемде барсаңшы», - деп кеңес берді. Бірақ мен сонда да жолға шықтым. Жеңіл көлікте кетіп бара жатып жол апатына түсіп, ауруханадан бір - ақ шықтым. Сол сәтте өзімнің танымдық қасиетімді ескеріп, әпкемнің айтқанына құлақ асуым қажет пе еді, - деп ойлаймын. Өйткені бұл жоғарыдан алдын ала берілген белгі болар. Мен оны байқай алмадым.

Жоғарыдан берілген ескерту белгіні көріп, білу үшін тылсым күшке сену керек шығар. Сонымен бірге күнделікті қарбаластан арылып, ой - сананы орынсыз ойлардан тазартып, жай ғана қарап қоймай «көре» білу керек. Айналада болып жатқан дыбысты тыңдап қана қоймай, «есту» керек. Елеп - ескерумен бірге «сезіну» керек шығар. Оны үйрену оңай, тек саналы өмір сүре білсек болғаны.
Өміріңізде байқаған әрбір белгіні жақсылықтың нышаны деп біліңіз, сонда өміріңізде шынымен қуанышты жағдай орын алатын болар.

Өзіңіз білетін қызық оқиғалар болса поштаға жолдаңыз, сайтта жарияланатын болады.

Дайындаған: Жадыра

Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының негізгі үш белгілерін атады. Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының
Жердің әрбір бесінші тұрғыны бұл кеселмен зардап шегеді немесе депрессиямен келешекте зардап шегуі мүмкін. Адамдар депрессиямен өз күштерімен
Өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні неде?
Бағзы заманда бір кісі өмірдің мақсатын білмекке ізденіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды.
Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті Жұлдыздардың табиғат күші белгілері және қасиеті
Жұлдыз белгілерінің қасиеті үш бөлімге бөлінеді: негізгі белгі (кардинальные знаки), тұрақты белгі (фиксированные знаки), өзгеріске бейім
Өмірдің өзі қызық - ақ Өмірдің өзі қызық - ақ
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ, Жап - жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Егіздер Егіздер
Бұл жұлдыздағы туған жанмен тілдесе отырып, уақытша ненің керек, ненің қажет жоқ екенін ұмыта тұрасыз, тіпті, қазір күн әлде түн екенін де, - Егіздер
Мұңайған сәтте не істеу қажет? Мұңайған сәтте не істеу қажет?
Сіз көңілсіз болсаңыз өзіңізді қалай ұстайсыз? Мұң – адам баласының бәрінің басында болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×