ойын сауық отауы
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
03.08.2017 4 480 0 Дауыл

Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.

Денсаулық
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы. Күніне 2 банан жесеңіз, денсаулығыңыз айтарлықтай жақсарады.

1. Артериялық қысым деңгейі қалпына келеді.
Бананның құрамында 420 мг - ға жуық калий бар. Сондықтан ол жоғары қан қысымын төмендетуге сеп болады.

2. Артық салмақтан арыласыз.
Банан жасұныққа бай – соның арқасында адамның қарны аша бермейді.

3. Анемия қаупі төмендейді.
Анемиядан адамның жүзі солғын тартып, үнемі шаршап жүреді, ентігіп қалады. Мұның бәрі эритроциттердің азаюы мен қандағы гемоглобин деңгейінің төмендігінен.
Бананның құрамында эритроциттердің көбеюіне көмектесетін темір өте көп. Сондай - ақ, қандағы глюкоза деңгейін реттейтін В6 дәрумені де бар.

4. Ас қорыту жақсарады.
Банан тез қорытылатындықтан, асқазанға кері әсері жоқ. Жемістің бұл түрін гастрит, қыжыл кезінде, сонымен қатар, диареядан кейін алғашқы ас ретінде жеуге болады. Себебі олар ағзадағы жоғалған минералдарды түзеді.

5. Күйзелістен құтқарады.
Банан адамның көңіл - күйін көтереді. Жемістің құрамында біздің организмге серотонин («бақыт гормоны») алуға қажет триптофан бар.
Орта есеппен бананда 27 мг магний бар. Бұл минерал көтеріңкі көңіл - күй мен қатты ұйқыға әсер етеді.

6. Дәрумендерге байытады.
Банан В6 дәруменіне бай. Ол организмге инсулин, гемоглобин және аминқышқылдар бөлуге көмектеседі.
«С» дәрумені дегенде ойымызға апельсин мен құлпынай келсе де, бананның құрамында бұл витамин де бар екен.

7. Адамның энергиясы артады.
Жемістің құрамындағы калий бұлшық еттерді сіңір тартудан қорғаса, көмірсулар бойдағы күш - қуатты арттырады.

Дереккөз: Baq. kz

Ұйқыңыз келмей жүр ме? Ұйқыңыз келмей жүр ме?
Егер түн ұйқыңыз бұзылып, көпке дейін көз іле алмай жатсаңыз, сізге тамақтану рационын дұрыстау керек. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқыны ретке
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Ең пайдалы 10 тағам түрі Ең пайдалы 10 тағам түрі
Ең пайдалы 10 тағам түрі
Пайдалы таңғы ас мәзірі Пайдалы таңғы ас мәзірі
Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет? Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су
Бал мен банан оралған құймақ Бал мен банан оралған құймақ
Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз.
Қауынның пайдасы мен зияны Қауынның пайдасы мен зияны
Қауын – калориясы төмен жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×